Home Қоғам Смағұлов мектеп директорларына неге мінез танытты?

Смағұлов мектеп директорларына неге мінез танытты?

75

Қаңтардың 22 күні, Шет ауданы білім бөлімінің басшысы құзырындағы әдіскеркерлерді жиып жиналыс өткізеді. Басқосуға осы өңірдегі 45 мектептің директоры зум жүйесі арқылы қосылған. Бір мезетте, ауданның бас ұстазы жұлынынан жылан шаққандай түсі сұрланып, адуы мінез көрсетіп, алдында жатқан жорналдарды қарсы отырғандарға үсті-үстіне қарша жаудырып лақыра бастады.

Алдынғы қатарға жайғасқан мамандардың қандай күй кешкенін елестету бізге қиын. Әлгі видеоны көрген бетте өзгені қайдам, өзіміз селк ете қалдық. Білдей бір ауданның ағарту саласының көшін сүйрейтін Смағұловқа бұл үйренішті жағдай болар. Бәлкім, өз өлкесіндегі момын мұғалімдер қауымы басшыларының бағзы қылығын көріп, «Ауру қаласа да, әдет қалмайды» деп міз бақпай отыр ма екен?
Жалғанды жалпағынан басқан Шет ауданы білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұловтың жаға ұстатар қимылын әлеуметтік желідегі Nurgul Abildina-ның парақшасынан көзіміз шалып қалды. Бейнежазба смартфон арқылы түсірілген. Көрушілер түрлі пікірлер қалдырған. Олардың дені бас кейіпкерді кіналау сипатында жазылған. Пікір қайшылығын сүзгіден өткізу- біздің құзырымыздағы міндет емес. Дегенмен, мәселенің мән-жайы тыңғылықты сүзгіден өткізілгенде ақиқат ашылатыны анық.
Медальдің екінші жағы бар
Бұған қандай уәж айтар екен мақсатпен облыстық білім басқармасына хабарластық. Ондағы жауапты мамандар:

-«Смағұловтың мәселесі сараланып жатыр. Қорытынды жауап пен нақты шешім болады»- деді.

Сонымен, фейзбук арқылы көпшіліктің талқысына тарап кеткен Шет ауданы білім бөлімі басшысының ашуға мінуінің мәнісі неде? Зер салсақ, оның бұлайша бұлқан-талқан болып бүлінуінің себебі жұмбақ күйінде қалған. Желідегі бейнеде себепке түрткі болған проблема жайлы сөйлемінің басы берілмеген, аяғынан ойып алынған. Бұл түсініксіздік тудырады. Мүмкін
кім -кімге болмасын эмоцияға ырық беруге болмайтын әрекет болса ше? деген сауал өздігінен туындайды. Қарамағындағылардың оған қарасы арандатушылығы болса ше? Мұнымен біз Смағұловты ақтап алар ойымзда жоқ. Ендеше, әліптің артын күтейік!
Айтбала Сүлейменқызы Қарағанды облысы

Алдыңғы жазбаҚазақ арабтан рухани тәуелсіздік алуы керек
Келесі жазбаАлматы облысы әкімдігіне Астанада 118 миллион теңге тұратын зәулім үй неге керек?