Home Руханият Қазақ арабтан рухани тәуелсіздік алуы керек

Қазақ арабтан рухани тәуелсіздік алуы керек

82
Иран, Пакістан, Ауған, Ирак, Сирия, Египет, Тунис, Алжир, Ливия, Марокко, Ливан. Бұл халықтар қазір толық, не жартылай араб болып кетті. Даңқы мен жоғары өркениетіне қарамастан, бұлар қазір басынан бағы тайған, сорлаған мешеу елдер.
Олар араб болудың жамандық екенін толық дәлелдеді.
Түркия Ататүріктің арқасында араб болудан құтылып, өркениетті ел құра алды. Бірақ араб етуге жанталас әлі жалғасуда.
Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Татар, Әзербайжан, Ұйғыр ұлттары ежелгі Ғұн, Сақ, Түрік ұрпақтары болып, арабпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мүлде бөлек тектен еді.
300 жылдық орыс отаршылдығы себебінен олардың араб болуы біршама кешікті.
Ал тәуелсіз елдер құрылған кезде орайды пайдаланып лап қойған жалдамалы жанкешті у ағызушылар арабқа айналдыру процессін шұғыл бастап кеп жіберді.
Олар ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды түгел жамандыққа балап, араби құндылықтарды тұс-тұстан тықпалап, арабқұлдықты әтуарлап, орыстандыру процессінің орнын арабизацияға тез алмастырғысы келіп жінікті.
Тәуелсіздікті саяси тұрғыда орыстан алғанымыз рас. Бірақ мәдени тұрғыдағы, рухани тұрғыдағы тәуелсіздікті арабтан алу керек, экономикалық тұрғыдағы тәуелсіздікті қытайдан алу керек! Әйтпесе ұрпағымыз сүйінер іргелі бірегей ел құра алмаймыз.
Қазақтардың ежелгі аталары Көк Түріктер, Сақ, Ғұндар бұлар араб емес еді, арабқа айналу процесі басталып кетті.
Мамырбек Ерқалиев
Алдыңғы жазбаҚарағанды өңірінде жарылыс болды!
Келесі жазбаСмағұлов мектеп директорларына неге мінез танытты?