Home Жаңалықтар Алматы облысы әкімдігіне Астанада 118 миллион теңге тұратын зәулім үй неге керек?

Алматы облысы әкімдігіне Астанада 118 миллион теңге тұратын зәулім үй неге керек?

40

Мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында Астана орталығындағы коттедждің 118 миллион теңгеге сатылатыны туралы ақпарат пайда болды. Ол Алматы облысының әкімдігіне тиесілі екені белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сатылым лоты 2024 жылдың 17 қаңтарында пайда болды. Бұл үйді сатушы ретінде Алматы облысының Қаржы басқармасы көрсетілген.

Лот сипаттамасында – бұл 1990 жылы салынған тұрғын үй, жер телімі 0,06 гектар, жалпы ауданы 197,4 шаршы метр болатыны айтылған.

Бастапқы сату бағасы – 118 268 982 теңге. Бұл ретте кепілдік жарна 17 740 348 теңге болады. Аукцион 6 ақпанға жоспарланған.

Tengrinews.kz редакциясы сауалына Алматы облысының әкімдігі олардың балансында мұндай ғимараттың бар екенін растады.

«Ғимарат 90-жылдардан бері Алматы облысы әкімдігінің Астанадағы өкілдігі ретінде жұмыс істеп келеді. Оған жөндеу жұмыстары қажет – гидрооқшаулау жұмыстары, жылу жүйесін жөндеу және т.б.

Ғимаратты ұстауға кететін шығынды азайту мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы бойынша жылжымайтын мүлікті аукцион арқылы сату арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылданды», – деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Ведомство жекешелендіру нысандарын сату ережесіне сәйкес мүлікті бағалау жүргізіліп, аукционға қойылғанын хабарлады.

Әкімдік ғимаратты сатудан түскен қаржы Алматы облысының кірісіне түсетінін айтты.

Алдыңғы жазбаСмағұлов мектеп директорларына неге мінез танытты?
Келесі жазбаАлматыдағы көлік қозғалысы екі күнге шектеледі