Вице-премьер Тамара Дүйсенова Amanat партиясы депутаттарының бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысын қарастыруға уәде берді,.
Үкімет отырысында Дүйсеновадан ескі сағат белдеуі қайтарыла ма деген сұрақ қойылды. Ол уақыт өзгерісінің қазақстандықтардың өміріне әсерін күту және бағалау маңызды деп жауап берді.
«Соңғы 10 жылда басқа уақыт белдеуіне ауысу бойынша мамандар мен сарапшылардың үлкен тобы жұмыс істеді. Былтыр бірыңғай уақыт белдеуіне көшеміз деген пікірді талқыладық. Енді депутаттық корпус бұл мәселені көтерді, бұл ұсынысты қарастыратын шығармыз. Бірақ тұтастай алғанда, бұл белбеуге ауысқанымызға тіпті жыл да толған жоқ. Бұл ауысудың қандай салдары бар екенін қарастырған жөн», – деді Тамара Дүйсенова.
Шенеунік денсаулық сақтау мен электр қуатын пайдалану жүйесінде күрт ауытқулар болмағанын айтты.
«Сондықтан, бұл ұсыныстарды қарастырайық, олар (депутаттар – ек.) қандай негіз айтады және олардың ұсыныстарын ескере отырып, осы мәселелермен айналысатын мүдделі мемлекеттік органдар арқылы қарастырып, (жауап – еск.) береміз», – деді премьер-министрдің орынбасары.