ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жоспарланған 9 маусым күні Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.
9 маусым күні қаладағы қоғамдық көліктердің барлық түрі кесте бойынша жұмыс істейді, жол ақысы тегін болады.
⠀
«Сол күні шамамен 700 мың жолаушы тегін жол ақысын пайдаланады деп жоспарлап отырмыз», – деді Алматы жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы.⠀
Биыл жолаушы тасымалдайтын компаниялар жаңадан тағы 430-дан астам автобус сатып алуды көздеген. Жыл басынан бері қала көшелеріне 156 жаңа автобус шықты, олар халық көп жүретін №65, №31, №60, №81 және №14 маршруттарға қойылды.