Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызықтырып қойды.
Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялағандай, қазір ол әлемдік деңгейдегі бір аса қызықты жоба дайындауда.
– Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап отырмыз… «World music award» жүлдесінің жеңімпазы, керемет әнші. Оны бүкіл әлемде миллиондаған адам сүйсініп тыңдайды. Кім екенін кейін білесіздер, – деп жазды Димаш.
Қазақстандық әншінің жанкүйерлері енді ол кім екен деген болжамдарын жасауда.