Home Қоғам Мұнай бағасы құлады…

Мұнай бағасы құлады…

29

Әлемдік мұнай бағасы әлі төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет барреліне 63 доллардан төмен түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы маусым айындағы фьючерстердің бағасы 2,60 пайызға төмендеп, барреліне 63,87 доллар болды (Астана уақытымен 08:20 жағдайы бойынша).

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 2,50 пайызға төмендеп, барреліне 60,44 доллар болды.

Еске салайық, қара алтын бағасының төмендеуі 3 сәуірде басталды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден әкелінетін тауарларға жоғары тарифтер енгізуінен кейін болды.

Алдыңғы жазбаТрамптың баж салығы Азия нарығының құлдырауына әкелуде
Келесі жазба Мұнайым бар, мұңым бар…