Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейге барса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы депутат Telegram-арнасында жазды.
Айдос Сарым ресейлік журналист Тина Канделакиді Қазақстанда нон-грата персонасы деп тану туралы ақпаратқа жауап беріп, бұл дұрыс екенін айтты.
«Мен өзім де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы деп танылғанмын. Елдің Федерал қауіпсіздік қызметі (ФСБ-еск.) маған ескерту жіберген, яғни шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға тап болуым мүмкін. Беларусьте де солай… Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ…», – дейді Айдос Сарым.