Home Жаңалықтар «Қарашаңырақ – қасиетті ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті

«Қарашаңырақ – қасиетті ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті

166

Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде НАУРЫЗНАМА Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бойынша отбасылық құндылықтарын дәріптеуге арналған «Қарашаңырақ – қасиетті ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті.

Оған БҚО Білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар, колледж оқытушылары мен студенттер және бірнеше халықаралық ән байқауларының жүлдегері, әнші жерлесіміз Ержан Максим қатысты.

Колледждің «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрі қонақтарды күймен қарсы алып, дәлізде ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме, МИФ кафедрасының электронды тақтада «Жеті ата математикада» жобасы таныстырылды. Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі тойға келген кішкентай қонақтарға арналған ұлттық ойындар ойнатып, балаларға арналған қызықты бағдарламалар ұйымдастырды.

Орал
Фото: БҚО Білім басқармасы

Кеш «Балбырауын» күйімен басталып, алғашқы құттықтау сөз БҚО Білім басқармасының басшысы А.Мыңбаеваға берілді. Өңіріміздің бас ұстазы барша жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, «Шаңырақ» сөзінің маңызына тоқталды. «17 наурыз – Шаңырақ күнінің» маңызын ашатын «Қарашаңырақ» қойылымында колледж оқытушылар өнер көрсетіп, «Қарашаңырақ» – үй иелерiнiң өсіп өнген, тамыры тереңнен тартқан ата-баба дәстүрiнің жалғасып келе жатқанының белгiсi. Қарашаңырақ иесі әдетте – кенже ұл екенін танытатындай тағылымды көрініс болды.

Дала заңына бағынған қазақ отбасында қалыптасқан ұлттық құндылығымыз асыл әжелеріміз бен абзал аналарымыздың арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқаны туралы «Әже тәрбиесі» қойылымында айқын көрініс тапты.

Орал
Фото: БҚО Білім басқармасы

Іс-шара барысында Айгүл Әділгерейқызы колледжде 40 жылдан астам еңбек етіп, өңіріміздің білім саласында қажырлы еңбек ете жүріп, ұрпағына тағылымды тәрбие берген өнегелі шаңырақ «Алтын шаңырақ» иесі Сүлейменовтер отбасы, отандасқандарына 45 жыл болған Набидоллиндер отбасы, отасқандарына 40 жыл болған Мұқашевтар отбасын марапаттап, естелік сыйлықтарды табыс етті. Өз кезегінде «Алтын шаңырақ» иесі Мақсот Насекенұлы жас шаңырақ иелеріне батасын беріп, кешке жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Концерттік бағдарлама «Наурыз-думан» әнімен қорытындыланды.

Алдыңғы жазбаОралда «Ұршық пати» іс-шарасы өтті
Келесі жазбаДәметкен Сүлейменова: Жаһаншаның көлігі шағыл құмында қалған