Home Жаңалықтар Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

247

Жер сілкінісінің шамамен магнитудасы 6,2 болғанын хабарлайды.

Алматылықтар үрейленіп, далаға шығып, қаладан шығатын жолдарда кептеліс пайда болды.

«Өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, қирау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуал тексеру туралы мәлімет жинау үшін ақпарат берілді», – деп хабарлады Алматы ТЖД.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «НТЦСН и И» сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.

Магнитудасы – MPV 6.7.

Тереңдігі – 65 шақырым.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.

Алдыңғы жазбаРесей Айдос Сарымды 7 жылға соттай ма?
Келесі жазбаАлматыда болған жойқын жер сілкіністері