Home Жаңалықтар ЕЛДЕГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ СЕБЕПКЕРІ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР!

ЕЛДЕГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ СЕБЕПКЕРІ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР!

32

Бүгінгі күні билік эшолонында жүргендердің көбі өз орындарына лайық па? Менің ше, жоқ! Жалпы мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек? «Мемлекеттік қызметкердің көкейінде, жеке бастың мүдддесі емес, мемлекеттің мүддесі тұруы керек. Ал ондай ойдан ада адам, ел тұтқасына айнала алмайды. Халықты соңынан ерте алмайды» деген екен кезінде Францияның бұрынғы президенті Шарль Андре де Голль.

Біздегі шенеуніктер де Голльдің айтқан талаптан табылып жатыр ма? Мен де, сен де, ол да «жоқ» деп айтар едік. Әрине бәріне бірдей күйе жағуға болмас. Бірақ «елім, жерім» деп жүрген биліктегілер аз. Көбі билік дәлізіндегі кезеңдері ұзақ емес екендерін сезініп, елден бұрын жеке бастың, қара қарынның қамын ойлап, опырып жеп, жағдайын жасап қалуға тырысып жатады. Мемлекет үшін айтарлықтай тірлік жасамаса да, марапатқа да ие болып жататын солар. Сондай да қол соғып, құттықтап жырғап қалатын әдетіміз бар? Неге, не үшін? Ол шенеунік мемлекет үшін, халық үшін не бітірді? Қандай мәселені шешіп, жұрттың көкейіндегісін орындады? Білмейміз. Тіпті ондайға мәнде бермейміз. Солай бола тұрса да, «жарайсың, керемет» деп жатамыз. Ал ол соған майсайрап тірлігін жалғастыра береді. Өкінішті.

Егерде де Голль айтқандай мемлекеттік қызметкер өз ісіне адал болып, жауапкершілікті сезініп жатса, онда еліміз қазіргі кезден көш ілгері жағдайда болар еді. Жемқорлықта қазіргідей ушығып тұрмас па еді? Қысқасы бізде мемлекеттік қызметкерге қойылар талап кем. Не істеу керек?

30 маусым күні менің ұйымдастыруыммен өткен бейбіт митингде дәл осы мәселені көтерген едім. Онда: еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызын босатып, қызметке жаңаша ойлай алатындарды алу. Ол азамат бұрын мемлекеттік қызметте болды ма? Тәжірибесі бар ма? жоқ па? Оны міндеттеудің тіпті еш қажеті жоқ. Барлық сала ақпараттандырылып, жасанды интелектті пайдалана отырып, xалыққа қызмет көрсету толығымен цифрландырылуы қажет. Сол арқылы адамның xалыққа қызмет көрсетуге араласуын шектеу. Бүгінгі күні жасалып жатқан цифрландыру мүлдем дұрыс емес. Ол жерде бюджетті шенеуніктер бөлісіп, қалтаға басуға бой беріп отыр. Сол себептен велосипед ойлап табудың қпжеті жоқ. Біздің бастықтарға бар ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану қажет. Егерде осы айтылған мәселелер ескеріліп жатса, елімізде айтарлықтай өзгерістер орын алар еді.

Қысқасы, біреудің көзі жақсы, біреудің сөзі жақсы, біреудің жағрафиясы жақсы деп емес, ең алдымен адамның біліктілігі, білімділігі, іскерлігі, мемлекетшілдігі ескерілуі тиіс. «Елдің емес, қарынның қамын ойлаған жан, құзғынмен тең» деген екен кезінде ұлы қаған Шыңғысхан. Бізге қолына сәл ғана билік тисе, мемлекеттік қазынаны жеке дүниесіндей армансыз еміп жатқандар емес, елім дейтін, жерім дейтін, тілім дейтін қажет жерінде ұлтына қалқан бола алатын, керек болса шоқпар болып сілтенетін мемлекетшіл арда азаматтар керек.
Президент қол астындағы шенеуніктерге осындай талап қойып жатса, игі болар еді-ау.

Азаматхан ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы

 

 

 

Алдыңғы жазбаНұр-Сұлтаннан Шанхай мен Үрімжіге жаңа әуе рейстері ашылмақ
Келесі жазбаҰлттық кеңес құрылды. Оның құрамына кімдер кірді?