Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов жұбайымен өзіне қатысты сот ісі туралы пікір білдірді.
Видео басында Тұрлыханов соңғы жаңалықтарға байланысты жағдайға пікір білдіруді ұйғарғанын түсіндіреді. Кейін ол сөз кезегін әйеліне береді.
«Рахатпен арамыз жақсы. Рахат – мейірімді күйеу. Иә, арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы», – дейді әншінің жұбайы видеода.