Көктем қыр астында. Жұрттың көңілінде алаң бар. Ол – былтырғыдай көктемгі су тасқыны тағы қайталана ма деген дүдәмал ой. Еске сала кетсек, былтырғы су тасқыны 10 облысты қамтыды. Әсіресе Батыс және Солтүстік өңірлер де қатты болды. 4 мыңнан астам үй, мыңдаған нысандар су астында қалды. Көпірлер бұзылды, жолдарды су шайды. Жүздеген мың адам эвакуацияланды. Бұл соңғы 80 жылда болмаған ірі табиғи апат саналады. Мұның бәрі мемлекет үшін ойластырылмаған шығын.
Рас, былтырғы апат, оның алдында болған су тасқындарынан әлдеқайда көп шығын әкелді. Кейбір деректерге қарағанда 500 миллион доллардың көлемінде. Бұл мемлекет үшінде аз ақша емес. Нақты айтар болсақ, соңғы отыз жылда болған тасқындардың ең ірісі. Өткен жылдарға көз салсақ, ол кездегі су тасқыны, 1993 жылы – 60 миллион доллар; 2008 жылы – 130 миллион доллар; 2010 жылы – 40 миллион доллар, 2011 жылы – 70 миллион доллар; 2012 жылы – 7,9 миллион доллар; 2014 жылы – 0,5 миллион доллар; 2017 жылы – 1 миллион доллар; 2018 жылы – 5,8 миллион доллар шығын әкелген. Ал, былтырғы тасқынның шығыны осылардың бәрін қосқанда әлдеқайда көп. Былтыр Төтенше жағдайлар министрлігіде, халықта тасқынға даяр болмады. Ал, биыл ше? Десек те, осыдан бірер күн бұрын «Қазгидромет» су тасқыны қаупі жоғары алты аймақты атады. Оның алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр.? Әзірге Төтенше жағдайлар министрлігі үнсіз. Не ойлағаны бар? Болуы мүмкін қатердің алдын алу үшін, осы бастан халық арасында, тасқын болуы мүмкін аймақтарда қауіпсіздік іс- шараларын жүргізе бастағаны жөн емес пе? Сіз не дейсіз?