Home Әлем Қытай түрмелерінде «елге жағымсыз» 100-ден астам жазушы жазасын өтеп жатыр

Қытай түрмелерінде «елге жағымсыз» 100-ден астам жазушы жазасын өтеп жатыр

78
Man in prison hands of behind hold Steel cage jail bars. offender criminal locked in jail.

Қытайда 100-ден астам жазушы жазбалары үшін түрмеде отыр. Бұл туралы сөз бен шығармашылық еркіндігін қорғауға арналған PEN America ұйымының «Жазу еркіндігі» баяндамасында айтылған.

Баяндама авторларының сөзінше, 2023 жылы Қытайда түрмеде отырған жазушылар мен публицистер саны алғаш рет жүзден асып, 107 адамға жеткен. Олардың жартысына жуығы интернеттегі жазбалары үшін сотталған.

Билікке сөз айтып сотталған адамдардың жалпы саны бұдан әлдеқайда көп. Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» үкіметтік емес ұйымының дерегінше, 2020 жылы елде «саяси тұтқын» деп танылған журналистер саны 100-ден асқан.

PEN America баяндамасының авторлары дүниежүзінде 339 жазушы айтқан сөзіне бола қудаланғанын анықтады. Қамаудағы жазушылардың шамамен үштен бірі Қытайда отыр, бұл көрсеткіш басқа елдерге қарағанда көп.

PEN America зерттеу бөлімінің директоры Джеймс Тейгердің айтуынша, Қытайда ой-пікірі үшін қамалғандардың нақты саны айтарлықтай көп болуы мүмкін. Ол баяндамада бостандықта жүрген, бірақ цензураға ұшыраған немесе өзін-өзі шектеуге мәжбүр болған авторлар есепке алынбағанын айтты.

Сыни жазбасы үшін қамалған Қытай азаматтарына әдетте «дау-дамай қоздыру және тәртіпсіздіктерге арандату» деген айып тағылады. Бұған дейін Қытай шенеуніктері бұл айыптаулар тым түсініксіз және әділетсіз қолданылуы мүмкін деп мәлімдеген.

azattyq.org

Алдыңғы жазбаҚап тауындағы жер дауы Астанада шешілмек
Келесі жазба«Ұлттық ойындар» бағдарламасының маңыздылығы басым