Home Дүние дүрмек «Қомақты қаржы ұсынды»

«Қомақты қаржы ұсынды»

122

Қазақстандық танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай атышулы «Қалаулым» жобасы жайлы бар шындықты айтты.

Өнер иесінің сөзінше, әлдекімдер оның бағдарламаны жүргізгенін қаламай, оған қомақты қаржы ұсынған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасын жүргізген кезін еске алып, басынан өткен жағдайларды баяндап берді. Тележүргізушінің айтуынша, сол кезде бағдарлама тізгінін басқа адамға ұстатқысы келгендер оған қомақты қаржы ұсынып, орнын босатуын өтінген.

«Бағдарламаны жүргізбеуім үшін қомақты қаражат ұсынған кісілер де болды. Қанша қаражат екенін айтпай-ақ қояйын. Сол кезде өте көп сомма. Ол бағдарламаны жабу үшін де, менің жүргізбеуім үшін де ақша ұсынды.

Менің орныма басқа жүргізуші қойғысы келді. Тікелей эфирде ауыр кездер көп болды. Біреу талып қалып жатты, менің денсаулығым да сыр беріп әрең жүргізген кездер де болды. Жедел жәрдем шақырғанбыз. Бір жағынан сол үшін де жобаны жүргізудің қажеті жоғын түсіндім. Бір емес, бірнеше рет жүргізушіліктен бас тарту туралы әңгіме қозғалды. «Сенің орныңа басқа жүргізуші таптық, егер келісең ақша береміз, рақметімізді айтамыз» деді. Тікелей эфир жүріп жатқанда студияға бандиттер кіріп келіп, редакция қызметкерлерімен төбелескен жағдай да болды. Бағдарлама раысмен шынайы еді. Отырған қатысушылар да өмірде сондай болған. Ал жұрт оған сенбейді», – деді Аша «Taboo» бағдарламасында.

Алдыңғы жазбаТүркияда сайлау қарсаңында теракт жасамақ болды деп күдікке ілінген 33 адам ұсталды
Келесі жазба«Ғасыр өлімі» немесе қазасы жұмбақ тұлғалар…