ҰҚК Алматы ҚАЖД қызметкерлерін ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК Алматы бойынша департаменті Алматы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
«Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану»), 362 («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») және 366 («Пара алу») баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктеліп отыр. Сот санкциясы бойынша, 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.