Home Қоғам Ей, Шылым! Болдың сен шығын!

Ей, Шылым! Болдың сен шығын!

55

Қазақстанда темекі, сондай-ақ папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отыр.

Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Құжат бойынша, 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 820 теңге; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болады.

 

Еске салайық, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 770 теңге болады.

Алдыңғы жазбаБҚО-да шығынға ұшыраған 1 200-ге жуық мал басы үшін өтемақы толықтай төленді
Келесі жазбаТоқаев Ақордада Нидерланды Премьер-Министрін қабылдады