Мен Қазақстанда АЭС салынады деген жобаға сенбеймін. Мүмкін емес.
Себептері:
– біріншіден, оған қажетті қаражат жоқ;
– екіншіден, физика саласында білімі бар азамат ретінде айтарым: бізде мамандар жоқтың қасы;
– үшіншіден, біздің елде электр энергиясының ресурсы онсыз да жеткілікті;
– төртіншіден, бұл сайлау науқаны жақындаған кезеңде xалықтың ойын басқа арнаға аударудың тәсілі болуы мүмкін.
Сонымен қатар біздің менталитетке байланысты мүлдем салуға болмайды. Жапондықтар ең ұқыпты, мұxият білікті xалық болғанның өзінде АЭС жүргізу жұмысында аварияға ұшырады.
Біздің елде радиациялық қалдықтар Созақ, Державенко, Семей, Өскемен, Қостанай, СҚО, Маңғыстау және де тағы сол сияқты жерлерде орналасқан. Осы жерлердің маңайында қоныстанған xалық онкологиялық ауруларға шалдығып, түрлі зияндарын көріп келеді. Ал бізде онкологиялық ауруларды тиісінше емдеп, зерттей алатын орталықтар жоқтың қасы. Бар болған жағдайда да қарапайым xалықтың оған қаралуға мүмкіндігі жоқ.
Ақтау қаласынан аэропортқа бара жатқан жолда Қошқар-Ата қоймасы орналасқан. Онда 500 миллион тоннаға жуық ядролық қалдық жинақталған. Қазір бұның барлығы қараусыз жатыр. Бір жарым жыл бұрын әкімшілік маған: «біз бұл істі қатырамыз, уайымдама, бөлінген 18 млрд теңгені алдық, бәрін түзейміз», – деп еді. Бүгінде бұл қаражатқа түк те істелген жоқ. Баяғы жартас – сол жартас. Бір қадам да алға жылжыған жоқ. Міне, осы – нағыз сұмдық, осымен күресу керек, ағайын!