Алматыда жылу магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті.
Алматы жылу желілері кәсіпорнында төтенше жағдай таңғы 4 шамасында Пушкин көшесінен өтетін учаскеде болғанын мәлімдеді.
1993 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі құбыр жарылып кеткен. Салдарынан 4 адам зардап шекті.
«Көпқабатты үйдің 7 пәтері мен тұрақта тұрған 8 көлікке зақым келді. Барлық келтірілген шығындар көлемі есептелген соң заң шеңберінде өтелетін болады»,- деді Алматы жылу желілері кәсіпорнынан.
Алматы коммуналдық қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті.