Home Қоғам Қазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты қытайлықтар

Қазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты қытайлықтар

38

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтінін хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді.

«Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2 пайызы екені айтылды.

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 326 адам (33,5 пайыз), өңдеу өнеркәсібі – 1 370 адам (10,6 пайыз), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 адам (10 пайыз), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 843 адам (6,5 пайыз), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 600 адам (4,6 пайыз)».

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 045 адам (31,4 пайыз), Үндістан – 1 152 адам (8,9 пайыз), Түркия – 1 110 адам (8,6 пайыз), Өзбекстан – 673 адам (5,2 пайыз).

Алдыңғы жазбаЖәңгір хан реформалары
Келесі жазбаҚазақстанда жайлы мектептер салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді