Home Жаңалықтар Қазақстанда жайлы мектептер салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді

Қазақстанда жайлы мектептер салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді

29

Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушылар орны тапшылығын шешуге, апатты мектептер мен үш ауысымда оқытуды жоюға бағытталған.

Шенеуніктің айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Биыл 217 мектеп есігін айқара ашады. Оның үстіне 163-і ауылдық жерлерде салынады.

«Ұлттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінді: 2023 жылға – 500 миллиард теңге, 2024 жылға – 976,3 миллиард теңге, 2025 жылға – 909,4 миллиард теңге», – деді Бейсембаев.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты қытайлықтар
Келесі жазбаОЛАР өмір бойы бас бостандығынан айрылмақ