Home Жаңалықтар Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады

140

Синоптиктер Қазақстандағы 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, барикалық түзілімдердің тез өзгеруі бүкіл Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райының орнауына ықпал етеді. Солтүстік аймақтарда қарлы, желді ауа райы қысқа мерзімді аязға айналса, ал оңтүстік аймақтарда қатты жауын-шашын болып, соңы қарға айналады. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ құбылыстары пайда болады.

«Аязды 11 және 13 қаңтарда батыс облыстардың тұрғындары, 11-12 қаңтарда солтүстік облыстардың тұрғындары сезеді, түнде термометрлер 20-32 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстанда 62 ірі қараны қолды қылған қылмыстық топ ұсталды
Келесі жазбаСатыбалды мемлекетке 650 млрд теңге қайтарды