Қазақстанға АЭС неге қажет? Бұл сұраққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді.
Министрдің айтуынша, уран өнімін өндіру бойынша нөмір біріншіміз.
«Енді бірнеше сұрақты ойлансаңыз. Неге біз бұл уранды, бұл бірегей энергетикалық шикізатты Қазақстанның мүддесі үшін, болашақ ұрпақтарымыз үшін, біздің өнеркәсіпіміз үшін оны кен және алғашқы өнім түрінде шетелге сатпай-ақ пайдалана алмаймыз? Бізде жеткілікті дамыған технологиялық цикл бар. Уран өнімдерінен басқа, таблеткалар шығарамыз, жылу шығаратын жинақтар шығарамыз. Бізде ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді», – дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «қажеттіліктеріміз артып келе жатқанын» айтты.
«Атом станциясы – бұл елдің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етудің технологиялық, экономикалық, экологиялық тізбегінің ажырамас бөлігі. Ал біздің қажеттіліктеріміз артып келеді. Біз көршілес мемлекеттерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Халықтың да, коммуналдық тұрмыстық сектордың да, өнеркәсіптің де қажеттіліктерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа жоғары тиімді, тұрақты энергия көздерін салуға міндеттіміз», – деді министр.