Әсет Ирғалиев ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.
Әсет Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне 2018 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
Еске салайық, премьер-министрдің Кеңсесіне экс-министр Дархан Қалетаев жетекшілік етті.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz