Home Жаңалықтар Алматыда ер адамның қолындағы белгісіз зат жарылды

Алматыда ер адамның қолындағы белгісіз зат жарылды

46

Алматыда 33 жастағы ер адам жарылғыш заттан зардап шекті.

Алдын ала белгілі болғандай, 33 жастағы жігіт таңғы 7:21-де ауруханаға жеткізілді.

Түскен кезде оған қосарланған жарақат, бас сүйегі мен миы шайқалған деген диагноз қойылды.

«Жарылыс салдарынан оның оң қолы мен сүйектері жарақаттанған. Басы мен кеудесін, мойнын 2-3 дәрежелі күйік шалып, 2-дәрежелі шок алған. Денесінің 10 пайызын күйік шалған», – деді №4 қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Дәрігерлер пациенттің қолына шұғыл түрде  ота жасалғандығын жеткізді.

«Қазір пациенттің жағдайы ауыр. Қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Шокқа қарсы терапия жүргізілуде», – деді Д.Түсіпов.

Полция оқыс оқиға туралы кейін ақпарат беретіндігін хабарлады.

inform.kz

Алдыңғы жазбаАқша мен қаруға толы Toyota Camry 70 – Талдықорған экс-әкімінің баласыныкі
Келесі жазбаНұр-Сұлтанда Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен тренинг өтті