Қазақстанның Қырғызстанға ЕАЭО шартына бейімделуі үшін 100 млн доллар қаржылай көмек беруі туралы мәселе қайта көтерілетін болады, деп санайды саясаттанушы Марат Казакпаев.
Сарапшының айтуынша, Қырғызстандағы сайлау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев арасында болған жанжал қаржы көмегінен бас тартуға әкеліп соқты. Ал бауырлас елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентімен жақсы қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді.
Бұл ретте
Қырғызстанның ЕАЭО шарттарына бейімделу мәселелері ешқайда кетпеді және оларды шешу қыруар қаражат талап етеді
«Менің ойымша, жүз миллион мәселесі қайта көтеріледі. Өйткені, көріп отырғандарыңыздай, Назарбаевтың ізбасары — Тоқаев келді. Қырғызстанмен серіктестік жалғасады.
Қазақстан — шынайы донор
Иә, Атамбаев кезінде проблемалар болды, іс қақтығысқа дейін жетті. Бұл жерде Сооронбай Жээнбеков диалогты тез тауып, екі ел арасындағы жылы қарым-қатынастарға қайта орала алды.
Және жүз миллион қарыз беру бойынша мәселе қайта жанданады деп ойлаймын. Барлық процедуралар сақталған болса да, ол екі тараптан да көтеріледі», — деді Sputnik Қырғызстан радиосына берген сұхбатында саясаттанушы.
kaz.365info.kz