Home Жаңалықтар НАТО Польшада әскери қойма салатынын растады

НАТО Польшада әскери қойма салатынын растады

48

НАТО Польшаның Повидзе авиабазасында қару-жарақ сақтайтын әскери қойма салуды жоспарлап отырғанын растады. Бұл ақпаратты сенбі, 23 наурызда AFP агенттігі НАТО өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Агенттікке сұхбат берген НАТО өкілі бұған дейін The Wall Street Journalбасылымында шыққан ақпаратты растаған. Наурыздың 22-сі күні жарық көрген мақалада басылым 260 миллион долларлық әскери қойманың Варшаваның батысына қарай 200 шақырым жерде орнасалатынын жазған еді. Қоймада америкалық броньды техника, қару-жарақ түрлері сақталмақ. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, құрылыс жұмыстары 2019 жылы жазда басталады және шамамен екі жылдан кейін аяқталады.

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Польша, Латвия, Литва, Эстония және өзге де Шығыс Еуропа елдері өз қауіпсіздіктеріне алаңдаған. Украина дағдарысы басталғалы бері НАТО аймақта әскерін көбейткен.

Алдыңғы жазба«Қаламқас» кенішіндегі апат себептері зерттеліп жатыр
Келесі жазбаҚайнайды қаның, ашиды жаның…