Home Басты жазба 17 Желтоқсан күнін «Желтоқсан көтерілісі күні» деп атаған ...

17 Желтоқсан күнін «Желтоқсан көтерілісі күні» деп атаған дұрыс

876

Биыл жер-жаһанды  дүр сілкіндірген Желтоқсан  көтерілісіне  37  жыл  толып  отыр. Алаштың  астанасы  Алматыда  болған Желтоқсан  оқиғасы, қызыл  империяның   мызғымыс  жүйесінің  көбесін сөгіп  кеткені анық. Содан кейін араға  4-5  жыл  салмай  қызыл  жүйе  құлап  тынды.

КСРО-ның  құрамында  отырған  республикалардың  тәуелсіз  ел атануына   иісі  қазақтың қосқан  үлесі  осы. Сол себепті  өзге  жұрт  қазақтың алдында қарыздар  деседе  болады. Жарайды  бұл  басқа  әңгіме.  Айтқым келгені,  көпшілік 16 желтоқсанды  сол  желтоқсан көтерілісімен  байланыстырып жатады. Бұл  қате   көзқарас. 16  желтоқсан тәуелсіздік  мерекесі. Бұл  бөлек  дүние.  Ал, 1986  жылдың  16  жетоқсаны  күні  кешқұрым өткен пленумда ҚонаевҚазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалғаны  белгілі. Ал, қазақ  ұлтының  Мәскеудің  озбыр  саясатына  қарсы  көтерілісі  17  күні  басталды.  Сол күні   орталық  алаңда аты-шулы  оқиға  болағаны  әмбеге аян. Ал 18  желтоқсан  күні   шерушілер алаңға  өте  алмады.нарызылық  жаншылып  тасталды.  Айтқым келгені  17  желтоқсан  күнін айшықтау  үшін «Желтоқсан  көтерілісі күні»  деп атаған  дұрыспа  деймін. Бұл  күнге  осылай  арнайы  мәртебе  бергені жөн-ау. Сонда  жұрт  шатаспайды.

Азаматхан  Әміртай «Байтақ» Жасылдар  партиясының төрағасы

Алдыңғы жазбаF-16 ұшағы украиндардың қолына тиді ме?
Келесі жазбаТәуелсіз Шығыс Түркістанның жоғалуы