Home Жаңалықтар ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

45

Өткен жылы Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  52 іс-шара өткізілген. 2018 жылға межеленген міндеттер, жоспарланған индикаторлар толығымен орындалған. Ал, 2019 жылға арналған  жоспар көп.  Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өтіп жатқан брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли БАҚ өкілдерінің алдында атап өтті.

Ішкі саясат мұрындық болған шаралардың қатарында Елорданың 20 жылдығы, “Ұлы дала рухы” және  “Туған жерге туыңды тік”  форумы, “Латын әліпбиі – ел ертеңі” конференциясы, Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш, “Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы” атты ғылыми конференциясы, “Жаңа медиа және болашақ” атты республикаға танымал журналистер бас қосқан форум бар. Басқарма жолдаудан және мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді кеңінен насихаттайды.  «Цифрлы Қазақстан» аясында елімізде  Маңғыстау облысы және  Шымкент қаласымен бірге  Жамбыл, облысы да цифрлық хабар тарату жүйесіне көшірілді.  Бұл ретте басқарма тарапынан қолдау көрсетіліп, 2400 отбасыға жергілікті бюджет «цифрлы тюнерлер»  алып беріген.

Берік Құрманғали Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы /бақ өкілдерімен қалай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтады/

Ішкі саясат басқармасы ел ішіндегі тұрақтылықты бақылаудан бастап, қоғамдағы  сыни пікірлерге жауап береді. Бұл ретте жауапкершілігі зор сала деуге болады. Атқарушы биліктің  ашықтығын қамтамасыз ету жолында Өңірлік коммуникциялар алаңында 148 брифинг өткізіп, республикада  4-ші орынға тұрақтапты. Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынас орнату ерекше маңызға ие екенін атап өтті басқарма басшысы.

Берік Құрманғали Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы/Этно бірлестік, саяси ахуал/

Биылғы міндеттің бірі  1 қарашада бекітілген жаңа Елтаңбаны ауыстыруды қадағалау. мемлекеттік мекемелер 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін бұл жұмысты аяқтауы керек.  Ол үшін қазынадан  140,7 млн тг. бөлінген. Сонымен қатар, алдағы уақытта  «Жамбыл облысының 80», «Т.Рысқұловтың 125», облыстық «Знамя труда» газетінің 100, облыстық «Jambyl» телеарнасының 30 жылдығы және «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумын ұйымдастыру жоспарда бар. Жиын соңында журналистер тарапынан бір қатар сауалдар жолданып, тиісті жауаптар берілді.

Алдыңғы жазбаТаразда «Есіңе мені алғайсың…» атты әдеби сазды кеш өтеді
Келесі жазбаЕліміздің төрт облысында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды – Ел жаңалықтары