Home Дарабоз Қазақстан қоржынына Азамат Дәулетбеков алғашқы алтын медальды салды

Қазақстан қоржынына Азамат Дәулетбеков алғашқы алтын медальды салды

62
Бішкекте еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына ел құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков алғашқы алтын медальды салды.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.

Осылайша, ол өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.

Мұның алдында Қазақстан екі күміс медаль еншілеген: 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан және Асыл Айтақын.

Алдыңғы жазбаЕнді Қазақстанда әскери билет талап етілмейді
Келесі жазбаТоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады