Биыл Қазақстанда жаңа екі ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Оның бірі – «Отау» тұрғын үй бағдарламасы. 9 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға қарыз алуға болады. Алғашқы жарна баспана құнының 20 пайыз. Оған 1 жылға 150 миллиард теңге бөлінген.
Екіншісі – «Наурыз» ипотекасы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие мөлшерлемесі 7 пайыз, ал қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайыз. Бастапқы жарна – 20 пайыз, несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін. Биыл бұл бағдарламаға 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие беріледі деп жоспарланған.
Айтпақшы, Қазақстандағы ипотеканың 70 пайызы АО «Отбасы банкке» тиесілі екен. Қалған 30 пайызы коммерциялық ипотека.
Республика бойынша 2021 жылы – 66 мың, 2022 жылы – 466 мың, 2023 жылы – 370 мың тұрғын үй сату мен сатып алу бойынша келісімшарт жасалған.
Былтыр республика бойынша 120 мың жаңа тұрғын үй салынса, соның 46 мыңы Астанада, 27 мыңы Алматыда салынған екен.
Бас қаладағы тұрғын үйлердің көбі инвестициялық бағытта (арендаға беру немесе кейін сатып жіберу), ал Алматыда баспаналар адамдардың болашақта тұруы үшін салыныпты.
Аренда демекші, 3 жыл бұрынғы көрсеткіш бойынша Астанадағы 70 000-ға жуық үй иесінде 2 немесе 3 пәтерден бар екен. Яғни, сол үшін де аренда бағасы қымбат болып отыр.
Айтпақшы, Қазақстанда сатылған тұрғын үйдің 30 пайызы ипотека арқылы, ал 70 пайызы қолма қол ақшаға сатылған. Салыстыру үшін айта кетейік, Батыста ипотекалық бағдарлама арқылы үйлі болатындардың үлесі – 80 пайыз. Бізде қалталылар көп болғаны ғой.
Ерке Жұматай ФБ дағы парақшасынан