Home Жаңалықтар Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

55

Хоккейден Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизионында Оңтүстік Кореяны жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобындағы матч 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық хоккейшілер матчтың басында алға шықты, «Барыс» шабуылшысы Павел Акользин көзге түскен. Ал 17-минутта Леонид Метальников Қазақстанның екінші шайбасын соқты.

Үзілістен кейін жанкүйерлер тағы бір шайба көрді. 30-минутта «Барыстың» форварды Дмитрий Шевченко есепті еселеді.

Үшінші кезеңде командалар бір голдан алмасты. 51-минутта кореялықтар Сан Ву Син соққан шайбаның арқасында есеп айырмасын қысқартқан, бірақ екі минуттан соң Никита Клещенко матч нүктесін қойды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Литва мен Словенияны жеңген болатын. Хоккейшілеріміздің еншісінде тоғыз ұпай бар, команда турнир кестесінде екінші орында келеді. Көш басындағы Беларусь хоккейшілерінде де тоғыз ұпай бар.  Енді 4 мамырда топ бастап келе жатқан Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі.

Алдыңғы жазба19 жастағы Мадина Батық «Қазақстан аруы-2019» атанды
Келесі жазбаИрандық боксшы әйел рингке хиджабсыз шыққаны үшін түрмеге қамалуы мүмкін