Home Жаңалықтар Тоқаев: Әкімдердің жылына бір өтетін есеп беру кездесулері – көзбояушылық

Тоқаев: Әкімдердің жылына бір өтетін есеп беру кездесулері – көзбояушылық

39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі», – деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Алдыңғы жазбаӘсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаӘсет Исекешев президент әкімшілігінің жетекшесі қызметінен босатылды