Home Жаңалықтар Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел...

Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

38

Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Сондай-ақ бірнеше бірнеше өңірде жолдар жабылды. 

18-20 ақпанда Астанада боран соғып, көктайғақ болады, оңтүстік және оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

18-20 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

18, 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ,  солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 18-23 метр күтіледі. Орал қаласында 18, 19 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ,  солтүстік-батыстан, батыстан секундына 18 метр желдің күшеюі күтіледі.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің мәліметінше, 17 ақпанда Алматы облысында сағат 01.00-ден бастап «Сарыөзек-Көктал» тас жолының учаскесі, Қызылжар ауылынан Басши ауылына дейін 15-80 шақырым, автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық. Сағат 09.00-ден бастап Үшарал қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін 558-615 шақырым «Алматы-Өскемен» тас жолының учаскесі жабық.

ШҚО-да 17 ақпанда 09.10-нан бастап Алматы облысының шекарасынан Таскескен кентіне дейін 615-683 шақырым «Алматы-Өскемен» тас жолының учаскесі жабық. 10.15-тен бастап Қалбатау ауылынан Аягөз қаласына дейін 967-778 шақырым жерде «Алматы-Өскемен» тас жолының учаскесі жабық.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБерлин кинофестивалінің үздік фильмі анықталды – Кино
Келесі жазбаПавлодар маңында жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты – Тосын жай