24 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның рухани жетекшісі аятолла ӘлиХаменеиге қарсы санкция енгізу туралы құжатқақол қойды.
Трамптың сөзінше, санкция Иранныңагрессиялық әрекетіне, дәлірек айтқанда, Иранәскерилерінің халықаралық әуе кеңістігіндеамерикалық ұшқышсыз барлау аппаратын атыптүсіргеніне байланысты енгізіледі.
АҚШ президенті санкцияның Хаменеикөмекшілеріне де әсер ететінін айтты.
Ақ үй басшысы АҚШ–тың Иранмен арадажанжалды қаламайтынын, бірақ Иранныңядролық қаруды иеленуіне жол бермейтінін жәнеТегеранның терроршыл топтарға қолдаукөрсетуін тоқтатуға ықпал ететін айтты.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 24 маусымда Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіне барды. Ол кездесулерде негізіненИран төңірегіндегі жағдайдың ушығуынталқылайды.
АҚШ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания менБіріккен Араб Әмірлігі ортақ мәлімдеме жасап, Иранды аймақтағы тұрақтылықты бұзатын кез–келген қадамнан бас тартуға шақырған.
АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарыТегеранды Йемендегі хуситтер тобын қолдадыжәне жуырда Оман шығанағындағы екітанкерге жасалғаншабуылдыұйымдастырды деп айыптайды.