Home Қоғам Қарағанды өңірінде жарылыс болды!

Қарағанды өңірінде жарылыс болды!

90

Қарағанды өңіріндегі 12 пәтерлі үйде қайғылы жағдай болды
Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі екі қабатты үйде түнгі сағат 12:00-де жарылыс болды.

ТЖ департаменті өкілінің айтуынша, құтқару қызметінің жасағы шақырту алаңына 4 минутта келіп жеткен. Дүмпу 2-қабаттағы 10 пәтерде орын алған. Орасан зор соққы 12 отбасы тұратын үйдің ортасын опырып әкетті. Шаңырағы жермен жексен болған 46 тұрғынның жағдайы айтпаса да түсінікті.

Тұтқиылдан туындаған апат кезінде тұрғын үйде 35 адам болған. Оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 кісі дене жарақатын алды. Құтқарушылар оларды үйінді астынан тапқан. Шұғыл дәрігерлік көмекті қажетсінген 3 бала аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі медициналық жәрдем алған соң, ата-аналарының сұрауы бойынша үйлеріне қайтарылды. Белгілі болғандай, осы шақта екі науқастың қалі ауыр.
-Стационарлық бөлімшеге жатқызылған алғашқы ем алушының денесінің 80 пайызын күйік шалған, жағдайы ауыр. Ал 26 пайыз күйік алған науқастың қалі орташа дәрежеде. Өткен түнде облыстық балалар ауруханасына санитарлық авиация арқылы жеткізілген бір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оған толыққанды ем-дом жүргізіліп жатыр,-деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.
«Жарылыстан жаппа шеккен тұрғындарға нақты көмек көрсетіледі»
Бақ өкілдеріне санаулы уақыт бұрын сұқбат берген Абылай Сұлтанғали осылай деп мәлімдеді.

-Ең алдымен қайтыс болған марқұмдардың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмдардың жанұясына қажетті көмек көрсетіледі. Біз шығын есебін жүргізетін комиссия жасақтап, келген зардапты есептейміз. Көмектен ешкім шет қалмайды. Әзірге қиындыққа киліккен тұрғындар туыстарының үйін паналап жатыр. Жақын арада оларға жалдамалы пәтер қарастырып, кейін тұрақты баспанамен қаматамасыз етеміз. Осы мақсатта облыстық, жергілікті атқарушы органдарға хаттама әзірлеуді бастап кеттік-деп естіртті ол.

Айта кеткен жөн, жарлыс шыққан көп қабатты баспана елді мекендегі орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған. Аталған үй 2014 жылы пайдалануға берілген. Оның 12 пәтері жас мамандар мен көп балалы отбасыларына тиесілі болған, қалғаны жеке меншікке қаратылған.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары қиранды астында3 сағат бойы құтқару қызметімен айналысқан. Қазір арнайы құрылған жедел штаб мүшелері, полиция және төтенше жағдай қызметкерлері оқиғаның нақты себеп-салдарын анықтаумен айналысып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, жарылыс газ балонынан шыққан.
Айтбала  Сүлейменқызы

Алдыңғы жазбаСадыр Жапаров президенттік сайлауға тағыда түспек
Келесі жазбаҚазақ арабтан рухани тәуелсіздік алуы керек