Home Жаңалықтар Қарағандыдағы төбелес: ІІМ күдіктінің видеосына қатысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары

Қарағандыдағы төбелес: ІІМ күдіктінің видеосына қатысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары

48

Қарағанды қаласындағы «Древний Рим» мейрамханасының аумағында жаппай төбелеске қатысқан және 23 жастағы жігіттің өліміне қатысы бар болуы мүмкін 8 адам ұсталды және қамауға алынды. Күдіктілердің бірі азамат Гурурянға іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

«Желіде іздеуде жүрген адамның берілетіні туралы видео тарауына байланысты, екі күн бұрын оның туыстарына біздің қызметкерлердің байланыс телефондары берілді. Алайда бүгінге дейін оларға ешкім хабарласпады. ҚР ІІМ объективті, жан-жақты тергеу шараларын жүргізетіні туралы және азамат Гуруянға өз еркімен берілуіне кеңес береді. Тергеу барысы ҚР ІІМ ерекше бақылауына алынды», – дейді Алмас Сәдубаев. 

Қарағандыда төбелес: Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің жағдайы туралы айтты

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаДимаш Құдайбергеннің «Россия-1» арнасындағы жаңажылдық бағдарламаға қатысқан видеосы шықты – Әуен
Келесі жазбаЛеффлер Головкинмен келісімшарттың бұзылуы жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді – Бокс