Home Жаңалықтар ЕКІ ЖҮЗ ЖАНҰЯ ҰЛТТЫҚ БУРЖУАЗИЯНЫ ҚҰРА АЛАДЫ МА?

ЕКІ ЖҮЗ ЖАНҰЯ ҰЛТТЫҚ БУРЖУАЗИЯНЫ ҚҰРА АЛАДЫ МА?

40

Бізде ғана мемлекеттік қызметке келген адамды бірден мақтай жөнелу деген бар. Бұл – нағыз жағымпаздық. Мысалға бір азамат қызметке тағайындалса (мүмкін өз еңбегімен немесе көкелерінің еңбегімен), жапа-тармағай сол адамды мақтай жөнеледі де, сенім танытқандай жағымпаздана кетеді. Менің ойымша, бұл – нағыз надандық. Ол адам қызметке тұрмаған кезде қаперіне де алмай жүреді, ал қызметке ие болып, байлыққа кеңелгенде бірден мақтауға көшеді. Бұл деген сұмдық қой. Ел болу үшін осындай жаман қасиеттен құтылу керек. Мүмкін жағымпаз мақалалардың рейтингісін жасау қажет шығар. Өзімізге сыншыл болмасақ өсетін түріміз жоқ. «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің кесірінен халық зиян шегіп отыр. Осындай кесірлі сыйпатымызбен ары кетсе екі жүз жанұяны дүниеге байытып отырмыз. Бұл жанұялар елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Олардың табыс көзі жерасты қазба өндірісі мен саудада және қаржы-кредит салаларындағы банктық қызмет құрайды. Ол екі жүз жанұя біздің ұлттық буржуазияны құра алады ма?
Осындай істі қалай түсінуге болады?

Кім қызметке келсе де, қатарып жатқан ешкімді көрмедім. Қазақстандағы жағдай олардың ешқайсысына да байланысты емес. Менің ойымша, қазіргі заманның батырлары – шындықты айтып, әділдік үшін күресетіндер. Алайда олар бәрін ашық айтқаны үшін өзіне қарсы адамдар санын көбейтеді. Осы жерде Абай атамыздың сөзі еріксіз еске түседі: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас, қайғылыға жақ бол, қайғысыздан сақ бол». Қаншама азамат шындық айтамын деп жалғыздықта жүр, елді ойлап қайғыға батып өмір сүріп келеді. Бізге кімнің кім екенін ажырата білу керек. Сол арқылы біз әділдік пен шындық үшін күресетін ел жанашырларын анықтап, оларға қолдау білдіре аламыз. Қызмет – қолдың кірі, бір сәттік алдамшы дүние, ал адамгершілік пен адалдық қасиеттері өмірбақи адамның жанында болары анық.

Азаматхан Әміртай

Алдыңғы жазбаҚытайдағы қазақтарға қандай қауіп төніп тұр?
Келесі жазбаШаршамайтын шаруашылықтың адамы