Күн сайын Алматыға қала маңынан 275 мыңға жуықавтокөлік қатынайды. Соның салдарынан көлікинфрақұрылымына және қала экологиясына үлкенқысым түсуде, деген мәлімдеме жасады қала әкіміБауыржан Байбек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімнің ойынша, облыстан қалаға кіретін жеке автокөліктішектеу дұрыс емес.
– Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары талап ететіндей, облыстан келетін жеке көлікті қыспаққа алу дұрыс емес. Біріншіден, бәріміз бір елдің азаматтарымыз. Екіншіден, қозғалыстың балама түрін құру қажет. Қала маңына жақынорналасқан аудандар тұрғындарының көпшілігі Алматығакеліп жұмыс істейді. Сондықтан біздің басты міндетіміз – сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бұл бағытта бізжүйелі шараларды іске асырудамыз, – деді әкім.
Байбектің сөзінше, қала маңындағы жолаушылар тасымалыАлматының бірыңғай көлік жүйесінің бөлігі болы тиіс.
– Мысалы, бүгін Жетісу ауданын аралағанымда Боралдай, Ақсеңгір, Шамалған және Жангелді елді мекендерінқамтитын теміржол бағытындағы жылжымалы құрамдықарап шықтым. Жолаушылар ағынының артуынабайланысты жергілікті бюджет есебінен қосымшасубсидиялау арқылы осындай вагондар саны мен қатынаужиілігін арттыру туралы шешім қабылдадық. Бұлмаршрутты алматылықтар негiзiнен пайдаланбайды, бірақэкологияны жақсарту және көлік кептелісін азайту үшін бізбұл жұмысты күшейтетін боламыз. Қала маңындағыжолаушылар тасымалы Алматының бірыңғай көлікжүйесінің бөлігі болуы тиіс. Бұл барлығына, ал біріншікезекте, қалалықтарға ұтымды болмақ, – деді ол.