Home Жаңалықтар ІІМ Атырау облыстық ПД бастығы не себепті қызметінен босатылғанын түсіндірді

ІІМ Атырау облыстық ПД бастығы не себепті қызметінен босатылғанын түсіндірді

44

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қызметінен босатылған Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығына қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Комиссияны өзім басқардым. 17 мамыр күні бізжолға шықтық. Тәртіптік тексеріс жүргізіп, министрге Атырау облыстық Полициядепартаментінің бастығы Аян Дүйсембаевтықызметінен босатуға негіз бар екені жөніндеұсыныс түсірдік.

Комиссия тәртіп бұзушылық ретіндеқызметтік көлікті тиісті мақсаттақолданбау, полицейлер қызметін күшейтукезінде дислокация аумағын тастап кету менбасқа қызмет басшыларын алып барудыесептеді » , – деді министр орынбасары брифингбарысында.

Оның сөзінше, комиссия 11 мамыр күні АянДүйсембаев полиция қызметінің күшейтілуікезінде қызметтік көлігімен Атыраудан 300 шақырым қашықтықта орналасқан туғанауданына кетіп қалғанын анықтады. Оған қоса, полиция басшысы өзі қызмет ететін департамент жетекшілері мен екінші қызметтік көлікті деалған.

«Ол туған ауданында меркелік шараұйымдастырылып жатқанын білді. Ол жерде неболғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Ат пен шапандытарту етті. Жылқыны кейін ол қайтарыпберді. Оның сөзінше, бұл жағдай бар болғанысыйластық таныту« ,деді ішкі істер вицеминистрі.

ІІМ шенеунігі полиция басшыларына өзінөзінұстау жөнінде аса ерекше талаптар қойылатынынжеткізді. Айтуынша, олар өзін барыншақарапайым ұстап, наразылық тудыартынәрекеттерге бой алдырмауы керек.

«Бұл жағдайда қарапайым халықтан бастап, мемлекет басшысына дейін наразы пікірлергекуә болдық» , – деді Алексей Калайчиди.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Атырауоблысының полиция басшысы аттың үстіндеотырға, видеосы тараған еді. Бейнеролик еларасында қызу талқыланды.

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт ТоқаевАтырау облыстық Полиция департаментібасшысы Аян Дүйсембаевтың әрекетіне қатыстықызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

Полиция басшысына сыйлық тарту еткен ауылтұрғындары оны жақтап петиция жазған.

Жақында Аян Дүйсембаев қызметіненбосатылғаны белгілі болды.

Алдыңғы жазбаҚалаға сырттан кіретін көлікті шектеу керек пе – Байбек не дейді
Келесі жазбаЗеленский Ресей мәселесін референдумға шығарады