Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында дауыс берушілер тізіміне 12 млн-ға жуыққазақстандық енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасыныңорынбасары Константин Петров мәлімдеді, депхабарлайды Zakon.kzтілшісі.
– Азаматтардың тіркелген жерлерінде жасақталған сайлауучаскелерінен әкімдердің қолы қойылған 11 947 995 сайлаушының тізімі берілді, деді баспасөз жиынындаПетров.
Оның сөзінше, 25 мамырдан бастап бұл тізімдермен әрбірсайлаушы таныса алады, әркім өзінің тізімде бар-жоғынтексере алады.
– Азаматтар келіп жатса, бұл тізім әлі де өзгеруі мүмкін. Тізімде жоқтар сайлау күніне дейін өздерін тізімге қостыраалады, – деп нақтылады ОСК төрағасының орынбасары.
Ал шетелдегі дауыс берушілер тізімі сайлау күніжақындағанда жасалады.
– Шетелдегілер үшін сайлаушылар тізімі сайлауға бес күнқалғанда жасалады. Шет елдерде 560 участок бар, ондағытізімдер әлі жасалмады, – деді Петров.