Home Жаңалықтар Қайда екен, қайда, Дариға сол қыз…

Қайда екен, қайда, Дариға сол қыз…

54

Үнемі болмаса да аратұра күнделік жүргізетін әдетім бар. Сонау мектеп қабырғасынан қалған дағды. Өткенде он шақты қалың дәптерден тұратын күнделікті ақтарып отырып, сонау 1982 жылы жазылған бір дүниеге көзім түсті. 9 мамыр Жеңіс күні қарасаңында жазылыпты. «Қарт жауынгердің қасіреті» деп тақырып қойып, майдангер ақсақалдың айтқандарын рет-ретімен күнделікке енгізіппін. Жазбаның соңына «майдангердің өмірі туралы көркем бір әңгіме қалай да жазу керек» деп түртіппін.

Одан бері 32 жыл өтіпті. Бірақ жазылған ештеңе жоқ. Тіпті күнделікте майдан даласында толарсақтан қан кешіп, сол кездің тілімен айтқанда Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагер жөнінде жазылған естелік барын да ұмытып кетіппін. Тек өткенде жазған-сызғандарды реттеп отырғанда ғана көзіме түсті. Оқып шықтым. Майдангер қарияның айтқандары жан дүниемді езіп жібергендей болды.

«Ештен кеш жақсы» демекші, айтылған әңгімеге 32 жыл өтіп кетсе де газет бетіне ұсынуды жөнкөрдім.

1982 жыл. 8 мамыр. Үржар. Аудандық мәдениет үйі.

Аудандық Мәдениет үйінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлерімен кездесу сағат 11-де басталып, түскі 1,30-да бітті. Майдангерлер соғыста бастан кешкендерін айтты. Арты мерекелік концертке ұласты. Бұл жерге аудан мектептеріндегі үздік және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушыларды ғана әкелген. Біздің ауылдан мен және бірнеше оқушы бар. Алдыңғы қатардан орын тиді. Өңірі орден-медальге толы, бір қолы жоқ майдангер ақсақалдың жанына отырып қалыппын. Бір реті келгенде, «Ата соғыста бастан кешкендеріңізді айтып бересіз бе, мен аудандық газетке жазайын?»деп сыбырладым. Өйткені аудандық және республикалық балалар басылымдарына мақала-өлеңдерім жиі шығып тұратын. Несі бар, майдангердің өмірі туралы жазып, газет бетінде шығарып жатсам, артық болмас деп ойлағанмын. Бетіме бажырая қараған шал, басын изеді. Салтанатты жиынан кейін, келгендерді жақын маңдағы асханаға апарып тамақтандырды. Майдангер қарт сол жерде бар сырын ақтарып салған. «Үржар ол кезде кішкентай ғана ауыл еді. Мен он тоғыз жаста үйлендім. Арада үш күн өткенсоң соғыс басталды» деп бастады майдангер әңгімесін. Дәл осы жерде мен жақшаның ішінде, Мұқағалидың

«Келіннің бетін ашқан-ды,

иіліп байқұс жасқан-ды.

Жасқанды тағы жас қалды,

ертесін соғыс басталды.

Алды да кетті жастарды» деген өлеңінен біршумақ келтіріп, Темірәлі ақсақалдың басындағытрагедияны Мұқағали ақын бір шумақпенсыйдырыпты-ау деп жазыппын. «Әке-шеше 1932жылдың аштығы кезінде, жұртпен бірге арғы бетке (Қытайға) өтеміз деп көшкенде шекара маңындаболған атыс кезінде оққа ұшты. Шекарашылар қашқан жұртты кері қайтарды. Содан Үржармаңындағы кішкентай бір ауылға келіп тұрақтадық. Әке-шешеден екі ұл едік. Кішісі мен. Ағам атқа орақ арбаны жегіп, колхоздың шөбін шауып жүріп, ат үріккен кезде байқаусыз ораққа түсіп қалып, бір аяқтан айрылып шойнақ болып қалды. Тұрағымыз ауылдың бір шетіндегі, жар басындағы жаман үй еді. Білім алдық. Сүйтіп 1941 жылдың маусым айының ортасында үйлендім. Бір жарлы-жақпайдың қызы еді. Амал қанша арада екі-үш күн өткен соң соғыс басталды. Жар қызығын дұрыс көре алмай соғысқа аттанғандардың алды болып кете бардым. Аякөзгеәкеліп пойызға тиеді. Содан Новосібір деген қаланыңтүбіндегі Пашино деген елдімекенге әкеліп, соғысқадаярлады. Мылтық атамыз. Қара күзде Мәскеутүбіне тастады. 16 армияның құрамында соғыстым. Қатты қырғын болды. Мұндай қанды қасаптыбірінші көруім. Қиын екен. Аңырап келіп төбеңнен құйылған бомбы мен снаряд. Қарша бораған
оқ. Баскөтерудің өзі қиын. Кеше ғана бірге жүрген талайбоздақ опат болды. Қол қалт еткен шақта, блиндажда отырып, ауылға, арта қалған жарға хат жазамын.

Маржаннан (әйелімнің аты) алғаш хат алғанда, көзіме жас келді. «Ардақты Темірәлі хал-жағдайыңқалай? Жауды жеңіп қашан қайтасыңдар? Мындағытаныстарың дін аман. Біз қыз-келіншектер орақтыбітіріп, қазір орталыққа өзгіз арбамен астық тасып жатырмыз. Маған алаңдама. Өзіңе сақ бол» деп келетін хатың басы. «Аман есен елге орал. Баласыкөп бақытты отбасы боламыз. Сол күнге тез жетейік. Өзіңді сағынушы алыстағы жарың Маржан» деп бітетін хаты.

Желтоқсан айында қарсы шабуылға шығып,немістерді Мәскеу түбінен ығыстырып тастадық. Бұл үлкен қуаныш, үлкен жеңіс еді. Бірақ мен қуана алмадым. Өйткені соғысқа баруға жарамсыз болыпауылда қалған ағамнан хат алғанмын. Онда жарым Маржан және тағы бір келіншек астық тиеп орталыққа апарып, түн ішінде кері қайтқанда қасқырқамап, талап жеп кеткен екен. Қақаған қыста олардыіздеп артынан ешкім шықпаған. Тек екі-үш күн өткен соң, жоғалғандарды іздеп шыққан халық, астықтиейтін шананы, өгіздің шашылып қалған бас аяғын, екі келіншектің шашын ғана тауыпты. Өлгім келген. Бірақ жан қию оңай емес. «Осының бәріне кінәлісенсің, зұлмыр неміс» деп өршелене соғыстым.

1942 жылы атақты Ржев маңындағы соғысқақатыстым. Өте қиын болды. Өлген-тірілгенімізгеқарамай алға ұмтылдық. Қан өзен болып ақты. ОсыРжев ендігіндегі соғыста мыңдап, жүз мыңдапсарбаздар қырылды. Бірақ қолбасшылар солдаттардың өлгеніне қарамады. Тек алға ұмтылуғабұйрық берді. Бұл бір ойластырылмаған шабуылболды. Тек 1943 жылдың наурыз айында ғана Ржевқаласын азат ете алдық. Сол Ржев түбінде қатты жараландым. Есімді дала госпиталінде жидым. Солжерде жаралыларды емдеп, зыр жүгіріп жүрген бір қазақ қызымен таныстым. Орта бойлы, талдырмаш денелі, аққұба қыз. Есімі Жазира. Өзге ұлттардыңортасынан көзіме тым жылы ұшырады. Оған дасолай болса керек. «Аға, қам жемеңіз. Жараңызқорқынышты емес.Тез тұрып кетесіз» деп жаныма жиі келіп тұратын. Ол да менің жерлесім Аякөздіңмаңынан екен. Новосібір қаласында соғысқа дейін дәрігерлік оқу оқып, соғыс басталған соң майданғаөзі сұранып келіпті. Ағалы-қарындастай болдық. Бірде жылап отырып, ауылдағы қалған жарымныңбастан кешкенін айттым. Ол да көзіне жас алған. Ржевтегі әскери госпитальде үш айдан артықжаттым. Жазираға үйреніп қалғаным сол, ол көрінбей қалса, «майданға сұранып кетіп қалған жоқпа екен?» деп алаңдайтын болдым. Бірде оған деген< /span>өзімнің сезімімді ақтардым. «Аға, соғысты бітіріп,елге қол ұстасып қайтатын боламыз» деп еркелеп,көзіне жас алып, басын иығыма сүйеген сәті әліесімде. Еш уақытта ұмытқан емеспін».

Күнделіктің осы тұсына Қасым Аманжоловтың «Дариға сол қыз» деген өлеңінен бір шумақкелтіріппін.

«Өңімде ме еді, түсімде ме еді, 

Көріп ем ғой бір армандай қызды… 

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, 

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды».

«Жарам жазылған соң, қайтадан майданға сұрандым. «Еліңе барып демалып қайт» дегенге көнбедім. Соғысты Латвия жерінде Курляндия шайқасымен аяқтадым. Ол жерде 10 –гвардиялық армияныңсапында болдым. Бұл аралықта Жазира екеуміз хат жазысып тұрдық. Кешігіп болса да, майдан даласына хат келіп тұратын. Ол екеуміз соғыс біткен соң елге бірге барып үйленетін болып келіскен едік. 1945жылы 9 мамырда неміс–фашистер тізе бүккенмен,Курляндияда қанды шайқас жүріп жатты. 14 мамыр күні минаға түстім. Одан ары есімде жоқ».

Осы жерге келгенде тағы да Қасым ақынның өлеңінің бір шумағын келтіріппін:

«Барамын сөніп, Барамын сөніп. 

Жұтар ма мені мына сұм соғыс?

 Арманым бар ма, өлсем бір көріп, 

Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!»

«15 күні Курляндияда немістердің «Сотүстік» деп аталатын тобының қалдығы тізе бүкті. Бұл кезде мен есімді білмейтін едім. Араға оншақты күн салыпқана өзіме келдім. Сол қолым түбімен жоқ. Минажұлып кеткен. Денем шұрқ тесік. Әйтеуір көрержарығым бар екен. Сол 1945 жылдың сарша тамызына дейін Лиепая қаласындағы әскеригоспитальде жаттым. Жазирадан айрылып қалдым. Олай дейтінім, оның Режев қаласындағыгоспитальдағы адресі жаралаған кезде жоғалған. Одан кейін ол майданға сұранғанын білемін. Естанды халде шілденің соңына дейін жаттым. Тек тамыздан бастап оңала бастадым. Сол айдыңсоңында жүруге жараған соң елге қайттым. Көңілім алай-дүлей. Жолай Ржев қласына соқтым.

Осы жерде күнделігіме тағы да Қасым ақынның өлеңін келтіріппін.

«Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым, 

Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс. 

Келемін қайтып, өлеңді айтып, 

Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!»

«Жазира істеген госпитальді іздедім. Бірақтаппадым. Соғыс біткен соң өзге қалаға қоныс аударса керек. Аякөзге соқтым. Жазираның аты-жөнін айтып іздемеген жерім жоқ. Ең соңындаәскери комиссаратқа соғып, сол жерде Жазираның 5-ші екпінді армияның сапында соғысып, Берлинтүбінде Зеелов төбесін алу кезінде қаза тапқанынестідім. Елге оралдым. Колхозда еңбек еттім. Біраққайтып үйленбедім. Өйткені жарым да, одан кейінгісүйген қызым да сол қанды соғыстың құрбандары.Солардың аруағын сыйладым. Үнемі Ұлы Жеңіс күнісолардың аруағына құран оқимын, есіме аламын. Балам бұл жазуға тұрмайтында шығар. Бірақ меніңбасымнан өткен қасіретті жағдай осындай» дедімайдангер қарт әңгімесіне аяқтап. «Ата, бұлмақаладан гөрі үлкен әңгіме жазуға болатын дүние екен. Бәлкім кейін үлкейтіп жазармын» дедім. Темірәлі ақсақал менің айтқанымды естіді ме, жоқпа, білмеймін. Ойланып отырып қалған. Бәлкімқанды соғыс жылдары жоғалтқан сүйіктілерін есінеалды ма екен?».

Күнделік осы жерден бітіпті. Тек соңына «түбі осы майдангер айтқан әңгіменің желісіменкөркем әңгіме жазамын» деп жазыппын. Бірақ күні бүгінге дейін ештеңе жазбаппын. Араға 32жыл салып сол майдангердің айтқанын түсіргенкүнделіктегі жазбаны газетке ұсынып отырмын.

Осы жазда елге барсам, Темірәлі ақсақалды іздемекпін. Бәлкім әлі тірі болар…

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

 

Алдыңғы жазбаАлаш қайраткерлері аштықпен қалай күресті?
Келесі жазбаБелгісіз азамат Әсел Сәдуақасованың үйін раушан гүлдерімен көмкеріп тастады (фото)