Home Жаңалықтар Президент Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Президент Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

50

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қордай тасжолында аса ірі жол апаты болды. Өзбекстанның 11 азаматы көз жұмды, жараланғандар аз емес. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Жолдарымыздағы жағдай алаңдаушылық туғызады, мен ол туралы ІІМ отырыстарында айтқанмын. Осыған байланысты Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым», – деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

 

Алдыңғы жазбаMSG Головкиннің алдағы жекпе-жегі туралы хабарлады
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды