Home Жаңалықтар Табыттағы жазу сөйлесе…

Табыттағы жазу сөйлесе…

37

Египетте ғалымдар елдің оңтүстігінде орналасқан Луксор  қаласының   маңынан біздің  дәуірімізге дейінгі XIII ғасырда жерленген  перғауынның  табытын  тапты. Египеттің Көне істер  жөніндегі министрі Халед әл-Ананидің айтуынша әр түрлі  суреттермен нақышталып, иероглифтермен бәдізделген преғауының  табыты Фаорхатеп атты мысырдың көне билеушісі болуы мүмкін  екен. Сонымен қатар қабірден мумияланған тағы екі саркофак, перғауын тұтынған әр түрлі құрал-жабдықтар, папирусқа жазылған жазбалар,  көне мысырдың құдайларын бейнелеген жүздеген ыдыстан  жасалған мүсіндер табылған. Айта кететін  бір  жайт, Көне мысырдың XIX әулетіне жататын перғауындар мемлекетті біздің дәуірімізге дейінгі 1292 жылдан1186 жылға дейін билеген. Министр «папирустағы  жазбаларды оқу, көне  тарихтың  біз білмейтін  жаңа бір  сырларын аша  түсері  анық»  дейді.

 

Алдыңғы жазбаДаниярдың даңқты дәуірі басталды
Келесі жазбаМиллиардтар кімнің қалтасында?