Home Жаңалықтар Билігі – халқынан, халқы – билігінен қорыққан заман

Билігі – халқынан, халқы – билігінен қорыққан заман

33

Дәл қазір мен Ленинді сұмдық жақсы көріп отырмын…
Бұрын да жек көрмегем…
Дат, ағайын!
Төбеме жуынды төкпей тұра тұрыңыздар!
Ол бүкіл елдің пролетарларын бір-ақ сөзбен біріктірді – «Барлық елдің пролетарлары, бірігіңдер!» деді, болды, бітті шаруа. Халықты біріктірді де ұлы күшке айналдырды.
Үстем тап өкілдерін – халықты қанап, халықтың есебінен байыған байларды қудалады, кедейлердің – жұмысшылар мен шаруалардың ақысын әперді.
Байлық психологиясы мен кедейлік психологиясын қалыптастыратын кім?..
Жақсы білесіздер…
Байлар қашанда кімнің есебінен байиды?
Жақсы білесіздер…
Адамзатты қақ жаратын сол психологияны жойып, теңдік психологиясын орнатты. «Халықтың бәрі кедей болсын» деген жоқ. «Тең болсын!» деді.
Жер тең, үй тең, мемлекеттік байлық тең, құқық тең т.б.
Әрі-беріден соң, бәзбіреу қазақтың шекарасын мен белгілеп бердім деп жүрген шекарамызды да Ленин атам бекітіп, мөрін басып кетпеді ме?
Оның арман-мақсаты, идеясы, мұраты асыл еді. Сол идеяны жүзеге асырғандар – шаш ал десе бас алатын жандайшаптар асыл ойды боқ қылды…
Ол небәрі билікте бес-ақ жыл отырды да, өліп қалды. Соңғы жылдарында отырды деген аты ғана еді…
Бұрынғы байлар қандай болғанын мен білмеймін. Бірақ бүгінгі тойымсыз, өркөкірек байларға қараймын да, байлық және байлар психологиясы туралы ойланам… айырмашылық көп болмайтын шығар деп топшылаймын…
Бүгінгі кедейлерге «барлық кедейлер бірігіңдер!» деп немесе «бар халық бірігіңдер!» деп ұран тастап, ақ патшаны құлата аласыз ба?
Кім бар, қане, бүкіл халықты соңынан айыр, шалғы, балта алғызып ертетін?
Бар ма?
Бар халық демей-ақ қояйын, «бар қазақ, бірігіңдер!» дейтін, сол дегенге бірігетін қазақ бар ма? Жоқ!
Бар қазақ демей-ақ қояйын, «бар ұлтшыл, бірігіңдер!» десе, бірігеміз бе? Жоқ, бірікпейміз. Бас-басымызға жеке ұлтшыл, жеке батыр, жеке ақылшы, жеке мықты, жеке би…
Бар ұлтшыл демей-ақ қояйын, «бар алашшылдар, бірігіңдер!» десе, аз топ алашшылдар біріге ме? Жоқ.
Өйткені қазақ қырық ру, қырық ағым, қырық бағытқа тартып, қырық түрлі ойын ойнап, бірін-бірі аңдып, бірін-бірі сатып, бірін-бірі жау санап, билігі – халқынан, халқы – билігінен қорқып, үркіп, бет-бетімен қарынның тоқтығын, бастың амандығын күйттеп жүр. Бірін-бірі зорлап, қорлап, бірінің малын бірі ұрлап, бірін бірі аяқтан шалып, бірін бірі өлтіріп жүр.
Ар-ұждан, ұят, мораль, гуманизм – міне осылар еді адамның адамдық қасиетін көрсететін… 30 жылда арсыз да сатқын, қайырымсыз да мейірімсіз безбүйрек қоғам орнаттық…
Өстіп жүріп Ленин жаман дейміз.
Өзіміз жаманбыз.
Ленинді «білгір тарихшылар» жаман қып көрсетті екен деп, мен оны жаман дей алмаймын.
Бізді Ленин қырған жоқ.
Әрі-беріден соң Сталин де қырған жоқ…
Өзімізді өзіміз қырдық…
Дәл бүгінгідей…
Қазақ мың бірінші рет өліп жатыр… бұл – шындық…
Ал біз әділдіктен, шындықтан өлердей қорқамыз…
Тіпті, өз басымыздағы тырнақтай шындықтан қорқамыз…
Ал мен Ленинді жақсы көрем.
Сіз өзіңіз біліңіз…
Өз сөзім ғой…
* Егер менің балам мен білетін 60-90 жылдардағы кеңестік сол қоғамда өмір сүргенде өлмес еді… ол кезде барлық отбасы үлгілі еді… әйелдер 5-10-15-тен бала табар еді…
Қазір менің ғана емес, қазақтың басым бөлігінің балалары не шын өлік… не жарты өлік…
Қазақ деген ұлт тағы өліп жатыр…
Мың бірінші рет…
Ұйқым келмейді…
** Ол тіпті, «дін – апиын» деп сөз жүзінде дінге қарсы боп, іс жүзінде иманды қоғамды армандапты, қайсыбір тұрғыда орнатыпты да…
Бүгінгі діншіл қоғам, керісінше, іс жүзінде «дін – апиын» екенін дәлелдеп жүр…

(Сәуле Әбілдаханқызының Фейсбуктағы  парақшасынан)
Алдыңғы жазба«Қандаймыз біз…». Қазақ өркениеттен кеш қалған ұлт па?
Келесі жазбаАбзал Құспан, адвокат: Қазақ үшін ойланатын да, толғанатын да мәселе көп