Madison Square Garden қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегі туралы жазды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Боксшылар 8 маусымда Нью-Йоркте осы аренада жекпе-жек өткізеді. Головкин мен Роллс аралық 164 фунтқа дейінгі салмақпен кездеседі. Ұйымдастырушылар билет бағасын айтты, ал GGG алдын ала сату басталғанын жариялады.
«Халық чемпионы Геннадий Головкин 8 маусымда MSG-ға оралады, ол әлі жеңіліп көрмеген Стив Роллсқа қарсы шығады», – деп жазылған Madison Square Garden аренасының Twitter желісіндегі ресми парақшасында.
https://twitter.com/TheGarden/status/1119273202272829442?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1119273202272829442&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fallsports%2FMSG-golovkinnn-aldagyi-jekpe-jeg-turalyi-habarladyi-297267%2F