Home Дүние дүрмек «Орамал тағатын әдемі қызбын»

«Орамал тағатын әдемі қызбын»

120

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Наурыз қарсаңында тойланып жатқан «Ұлттық киім» күні қалың көпшілікке қазақи образын паш етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мөлдір Әуелбекова ұлттық киімдегі суреттерін Instagram парақшасында жариялап, ел назарын өзіне аударды. Эстрада жұлдызы қызғылт түсті көйлек киіп, күмістен жасалған ұлттық бұйымдарды тағып алған. «Бүгін «Ұлттық киім» күні! Бөрікті жас қыздарымыз кисе, сәукелемен сұлу қалыңдық ұзатылған. Орамалды жас келін, аналар тақса, әдемә кимешекті апа – әжелеріміз ораған. Ал, сіз күнделікті өмірде бөрікпен жүрсіз бе, әлде орамал тағып, кимешек орайсыз ба? Мен орамал тағатын әдемі қызбын, сіз ше», – деп сауал жолдады өнер иесі. Желі қолданушыларына әртісің қазақи образы қатты ұнап қалған. Олар әншінің талғамын жоғары бағалап, оған жарыса пікір білдіруде. «Өте жарасымды, маған ұнап тұр», «Жабық киінсе, осы кісіден үйрену керек. Жабық киініп-ақ, өз салт-дәстүрімізді дәріптеп жүр», «Көрсе көз тоярлық, ер азамат түгілі әйел қауымының көзіне де қандай сымбатты, ажарлы жансыз», «Мына образыңыз өзіңізге сондай жараса кетті», «Нағыз қазақтың сұлу келіншегі», – деп жазуда көпшілік.

Алдыңғы жазбаҚұран сүресіндегі аяттың құдіреті
Келесі жазба«Қамауда қалған арман»