Home Руханият Құран сүресіндегі аяттың құдіреті

Құран сүресіндегі аяттың құдіреті

156

2006 жылы  өмірден өткен  Әуесхан қарияның молдалығы мен емшілігі туралы  Сарыбастау ауылы көп айта   бастады. Мұндай әңгіме  кеңес заманында көп  айтыла да бермейтін. Тек  ауылда біреу ауырса, не болмаса науқастанса  Әуесхан қарияны іздейтін.  Ауырғанның тамырын ұстап,     дем салса,    суға   дүға оқыды  деген   әңгімені еститінбіз.Менің  үлкен аға- жеңгемде: «иә  ол кісі ілімді » деуші еді. Бұл сөздің    бекер еместігін  кейін білдім.

Себебі     кеңес өкіметі  молда мен  дінге және емшілікке    қырын қарағандықтан, оларға   сенім жоғала бастаған кез. Дінде, молданы керек  етпейтін. Сонда   да  ауыл ішінде   Әуезхан қарияны үйіне  баратын.   Бірде  қария   атына мініп,  ауылдан  алыс Ойқарағай жаққа барып жүр деген  әңгімені  де естідік.  Сол жақта бір үңгір бар екен, соған барыпты.   Бірақ ол  не үңгір,  ол жайлы ешкім  еш нәрсе айтпайтын. Сарыбастау   мен Ойқарай арасы  бір мұнша  жер.  Қария   неге ол жаққа  кеткенін  дөп айтқандар  болмады.    Содан кейін   менің ойымнан  қария мен  үңгір кетпеді.   Әйтеуір ол кісінің табиғатпен бір байланысы бар- ау деген ой жүрді. Оның үстіне Ойқарағай жақтағы  үңгір туралы  неше түрлі әңгімені  кейін  естідім.   Үңгірдің өзіндік ерекшелігі бар дейтін.  Осылай жылдар өтіп, қарияда өмірден өтті. Алайда ауылдағыларға Әуезханның қарияның   емшілігі  мен дем салу, суға дұға оқуының  шапағаты  көп  дейтін.   Мұндай     әңгімені  Сарыбастау ауылының қызы  Әсемгүл Әлдибекованың  әлеуметтік  желідегі (28 ақпан 2024 жыл) жазбасынан  оқыдым.     Жазбада   «Біз  Әуезханның үймен  қарама-қарсы тұрған екен. Екі үй  көрші  болып,  аралас-құралас тұрғанбыз десе,  Әсемгүл ес білгеннен бері ақсақалды жақсы білетіндігін айта келіп,  немерелері –  Гүлзира, Гүлжанат, Гүлдариямен бірге ойнайтынбыз  дейді. Ол кісінің көп сөйлемейтіні, сөйлесе дөп сөйлеп,  ішіңдегі айтар ойыңды, айтқызбай-ақ ұғатын дей келе, сөзге сараң деп жазады. «Қыстың аязды  күнінде терезе алдында отырғанымда  Әуезхан қария атын ертеп, қалың  ішігін киіп, бір түйіншіктерін қанжығасына байлады да, атына мініп бір жаққа атанды. Соңынан екі тазысы ерді. Қыстың мына қақаған аязында  ол кісінің  қайта кеткені  мені қызықтырды. Сыртқа шығып,   су  алып келе  жатқан жеңгем Союзханнан:

– Әуезхан атам    қайта кетіп барады?

–  Қойдағы үйге. Сонда өзінің бір үңгірі бар. Соған барады. Тазысын   түлкіге    салады. Сол жақта біраз уақыт болады,- деді.  Араға біраз күн өткенде қарияның аттан түсіп жатқанын байқадым. Қоржынан  ал қызыл, сары ала түсті түлкінің   бірнеше терісін шығарып, үйдің шарбағына жайды. Түлкінің әдемі   терілері  көздің жауын алды. Олжалы оралғаны көрініп тұр.  Ол кісінің бұл әрекеті мен үшін бір  қызық көрінді.   Осыдан кейін    көңілімде  көп сұрақ қалды. Мүмкін аңшылыққа  шыққан шығар деп жазады. Бұл  жерде  менің елден естіген әңгіме  шындық болып шықты.  Жазбаны ары қарай  оқығанымызда: «Әуезхан қария  сыртқа шығып,  екі қолын құлағына қойып, – Аллау акпар, аллау акпар деп үш қайырып азан айтқанда бар әлем бір тыныш күйге енгендей болатын. Дауысы әуезді, әрі әннің әдемі әуені тәрізді  шығатын.  Кейін намазды   үзбей оқитынына көзім  жетті.     Жұма күні үйге келіп,   «түсіме  марқұмдар кіріпті,  құран дәметкен ғой, жарықтықтар»  деп, ешнәрсеге   әуре салдырмастан  құран бағыштап  шығатынын еске алады. Сондай-ақ  ауылда науқастанып жатқандардың көңілін сұрап шығатын да әдеті болыпты. Шамасы келсе оларға  көмегін бергеніне тоқталған. «Сол бір жылдары -дейді жазба авторы,-  Ауылда екі көріпкел болды. Оның бірі –дәрігер Ораз, екінішісі- Әуезхан қария. Біріншісі хал үстіндегі жатқан науқасқа    Оразға барады,  одан кейін Әуезхан қария дем салатын. Ол кісі қайтыс болатын адамды сезіп, иман суын ішкізіп,  қасында отырса,   жақындарын сабырға шақыратындығын ел ұмытпаған» депті. Рас Ораз ауылда көп жыл дәрігер болып, қызмет жасады. Білімі жоғары,  аудандағы   білікті дәрігердің бірі болғаны рас.  Бүкіл ауыл ол кісіні мақтан ететін.  Ал  қарияны үлкендер ауызынан тастамайтын.

Бір айта кетерлік жайт, 80- жылдары ауылдағы ескі көздердің ішінде  намаз оқитындар аз еді. Тек жасы келген қариялар  өз бетінше оқитын.  Олардың ішінде кімнің ілімі күшті екенін  солар ғана айтатын.    Әуезхан қарияның  молдалығы мен   емшілігі барын ауылдағылар  көп айтпайтын.      Өйткені ауылда дәрігер болған  соң елдің бәрі емхана баратын. Сонда да    Әсемгүл көрші болған соң қарияның күнелікті өмір тіршілігі көз алдында өткенін жасырмай емшілігін  қағазға  түсірген.  Соның бірі күні бүгінге дейін  есінен  кетпейтін бір оқиға туралы жазыпты.   «Таңертең атаның  үйінің алдына бір жеңіл көлік тоқтады. Көліктің Ішінен   бір адам айқалап түсіп, ешкімге күш бермей бірге түскендерге  қайрат көрсеткен. Әлгі  адамға көліктен түскендердің бәрі        жабылып, Әуезханның үйіне алып кіргізді» дейді.   Бұл көрініске   Әсемгүл таңырқап,  үйіндегі сиырын сыртқа  шығарқансып, есік алдында жүрген  қарияның немересінен:

-Ей Гүлзира, ана кісіге  не болды?

– Ой  оны жын қаққан.

–Енді не болады?

– Атам үзбей сүре  оқиды. Кеше дейін жалғаса ма білмеймін. Түскі тамақта үзіліс жасамайды-ау. Кейде  мұнадай адамды күні бойы оқиған депті.  Осыдан кейін Әсемкүлдің көңілі алаң болып, терезеден бақылайды.  Түс болып, түс ауады, екінді уақытқа да таянады. Үйге  кірген барда, шыққан жоқ. Ақшам уақытында әлгі  ешкімге бой бермеген адам,  өз аяғымен тіп-тік, ешнәрсе болмағандай көлікке отырып кеткенін көреді.  Бұл көрініске   Әсемгүл таңғалып, қандай құпия болды екен  деді.  «Бұдан кейін де көршіміздің есік алдынан қымбат жеңіл көлік мінгендер үзілмеді.  Олардың  кейбіреулері   біздің үйден  желім ыдыс (бокалашка) сұрап келсе, енді бірі   банка сұрайтын.   Бар болса барымызды беріп жүрдік. Әуезхан қария  келгендердің  көңілін қалдырмай, қолынан көмегін жасайтын.  Жандарына шипа іздеп келгендерге     қолынан келгенді істеген. Бірақ қандай нәрсемен емдейді, не қолданды- деген сұрақ Әсемгүлдің ойынан кетпеген.  Өзінің  мазалаған сұрақты  бірде ол Гүлзирамен ілесіп үйдің жанындағы  шағын қоймаға  кіргенде  онда әртүрлі  шөптердің  кептірілген  түрлерін көрген. Шөптер ұқыпты оралып  ілгендеріне көз түседі.

– Бұл  не?

– Түйежапырақ, қалақай, ермен, жусан, көкемарал, тар-тар жапырақ,- деп Гүлзира ағынан жарылып, суға,  топыраққа дем салатын дәрілік шөптер десе, бәрі  ауру адамға шипа, әрі   ем- домға қолданады  депті.      «Осыдан кейін қарияның емшілік  құпиясын  аз кем ашқандай  болдым»,- дейді Әсемгүл.   Бұл жерде ол  дәрілік шөптердің қалай жасалатыны жайлы, қалай  қолданаты  туралы  жазбада сөз жоқ.

Бірде  ол   Гүлзирамен ілесіп, түскі тамақ кезінде үйіне  кірген.  Әрина бекер барма тәрізді. Ойындағы  сан сұраққа  жауап іздеп  жүргенін жасырмайды. Түскі тамақ кезінде   өзі  туралы қариядан сұрамақ   ниеті болыпты. Алайда  оның ішкі ойын    қария   бірден түсініп,  « Маған сен сөйлеме , тыңда, тыңда да, сөйле, саған  тимеу керек»  дегені есінде қалады.  «Қарияның неге бұлай айтқанын  әлі күнге дейін  білмеймін. Бірақ  сөз түйін  ойлап, бұл сөздің құпиясын    таба алмадым» дейді. Бұл жерде Әуезхан қария Әсемгүлдің ішкі дүниесінде оның өзі туралы сұрайтынын біліп осылай деген шығар деген ой келді бізге. Жазбаны ары қарай оқығанымызда:

-Бірде ағамның басына бір жара шықты. Мұны көрген Әуесхан қария  бір жерден жалбыз тауып әкеліп, таңып берді. Оны  күн сайын  жаңалап отырды. Жара  бір айға жетер жетпес уақытта  жазылып, орны да қалмады-  десе, ол кісінің мол адамгершілігі мен кішпейділдігі, жомарттығы, ақылшы, қамқоршы бола білгендігін әңгімелейді.  Сондай- ақ  қарияның ерекше қабілетілігін ауыл емес, аудан, тіптен сырт жақта таныған екен. Бір жолы  автобуста  келе жатып,  бір әйел жөн сұрасыпты. Сонда «Сарыбастаудамын» дедім дейді Әсемгүл.

– Е, Әуесханның ауылынан екенсің ғой. Ол кісі қалай?

-Бақилық болды- дегенім де,

-Суға дұға оқып, дем  салатын қасиеті бар еді – деп   еске алған.

Әсемгүл   қашанда  ол кісіні назарынан  тыс қалдырмаған.  Себебі көз алдында жүрген  көрші қарияның бір ерекшелігі үйіндегі  аядай кішкене  бөлмесінің бір бұрышында құпия қалғандығын айтады. Түскі астан кейін  екіндіге  дейін таспиқ ұстап отыратын жиі көрген.   Кейде араб әріпімен жазылған кітаптарды ақтарып  оқып отыратындығын да байқапты.  Үндемей жүріп, үнсіздік арқылы көппе тәлім-тәрбие бере білген.  Жүгенсіздікті ноқталап жолға салса, жөнсіздікке жол сілтей білген.  Яғни бәрін сабырлықпен шешіп, ақылға жеңдірген. Қарияның   қоңыртөбел тіршілігі бар болса, атбегілікпен де айналысыпты.  Таңнан тұрып, күрең сары аттың жем, шөбін салып суарап, қора-қопсығын таза ұстайтын әдеті болыпты.   Өмірден кеткен Әуесхан қария ашаң жүзді, өткір көзді, өте сабырлы, асықпай, байыппен  сөйлейтіндігін еске алады.  Жұма күні өмірден өткен марқұмдарға  құран бағыштағанда  дауысының әдемілігі мен әуезділігіне ел ұйып отырушы еді дейді.  Сондай-ақ  ол кісінің   мына бір сөзін  жазбадан оқыдық.   «Қара қытай қаптаса, ақыр заман болады» дегені. Мұны неге  сүйенді   деген сұрақ қояды өзіне Әсемгүл.

Әуеэхан  қарияның ауылдың  құрметтісі    болғандығы жайлы да  айтыпты.   Өзінің жақынан бастап, өзімен қатарлармен бірге соғым басында, наурыз көжеде де басқосқанда ашық әңгімесі мен уағызына барша адам дін қойып  тыңдайтыны  жазылған.   Қысты күндері  күрең сары атын ертеп, басына сеңсең тұмағын, тізесіне дейін түсетін ішігін киіп, аттың үстінде өзін тік ұстаған қария науқастанған жандардың көңілінін жиі сұрайтын кездері  де болмапты. Оның осы қасиетін ауылдағылар жақсы көрген.      «Кейде  жаяу аяңдап, асықпай  бара жатқанын да жиі  көргенім бар. Сол жүріспен қалай көше басына жетіп алатындығына қайран қалушы едім. Өйткені көз ұшында көрінеді де бұрылыстан жоқ болып кететін. Қарияның сол бейнесі әлі күнге дейін көз алдымнан кеткен емес» деген сөздерді оқығанымда менің есіме кеңес өкіметі орнамай тұрғанда Шартас пен Қарабастау өмір сүрген Жұрын әулие есіме түсті. Әулие есекке мініп жүріпті. Бірақ  атпен  баратындардан  бұрын барып алады екен. Мұндағы айтпағымыз Жұрын әулиеде көп адамның бойында болмайтын қасиеті болған деседі. Сондай қасиет Әуезханда болған ба деп те ойладым, Әсемгүлдің жазбасынан.

«Әйтеуір үйлерінен адам қарасы үзілмейтін. Бауыры ауырып, балтыры сыздаған жандар жанына шипа іздеген, өмірден баз кешкендер бір тынбай ағылып келіп жататын» десе,  «Бірде Алтын апам келді де көзінің жасын сүртті. Соғымға соямын деп, бір ат байлапты. Құдық басында атын суарып  тұрғанда  Әуезхан қариямен жолығып қалады. Сонда: –  Атың қолды болып кетпесін»- деп қария ескерткен екен. Қарияның  бұл  сөзіне  апамыз құлақ аспай, кешке қарай атты бақшаға бос жібере салған. Ертесінде  аттың ұрланғанын бірақ білген. Мұндай нәрсеге ол кісі  қашанда көз қырын салып, кей адамдарға ескерту жасап та отырыпты. Ауызы дуалы болғанмен  көп адам ол кісінің айтқанына мән бермепті. Бірақ айтқаны дәл келіп жатыпты.  Үй жақтан Әздек апамыздың «Әй Союзхан, Жұмәлі»- деп  сөйлеген сөзі ғана құлаққа  шалынатын. Апамызға Шиша  мен Мейрамхан кіріп тұратын. Шүйірлесіп, шұрқырасып, қал  сұрасып, жазда  шуда  жүнді бүрқыратып түтіп әңгіме айтатын. Қарияның отбасында жез құманы тұрушы еді. Бетінде қақпағы бар. Аядай  бір бөлменің  бұрышында  жайнамазы мен  ақ шүпірекке  оралған кітаптары мен таспиғы  көз тартатын. Дінге қанша  берік болғанымен де,  ұлтқа- нәсілге бөлінбейтін жайлы  бір сөзі  есімде  қалған.-  Жер бетінде  құран кәрім – бәріне  ортақ  дегеніне мән бермеген екенмін. Қазір көзім ашылды, расында солай. Құран –иман  мен адам жанының  шипасы, дертке –дауа, жан дүниенің емшісі екенін Әуесқан  қария  сол кезде біліп, терең  зерттегендей. Өмірден баз кешіп, жолы болмай  жүрген талай  жандар ол кісінің   батасын  алуға ат басын бұратын.

Бір келіншек бала көтеріп, қараңғыдан қатты қорқып, қасында біреу  жүргендей сезініп жүріпті.    Бұл қорқыныш жалғаса берді.  Осыдан кейін  келіншек қарияға  келіп  басынан өтіп жүрген  жайтты айтқанда, суға дұға  оқытып ішкеннен кейін  жақсы болғанын айтқан.   Айта берсе мұндай әңгіме көп, әрі таусылмайды деп жазады.

Жазбада  Жанаркүл Сатымбаеваның да естелігі де кірген. Естелік 2008-2009  жылдары болғандығы жайлы жазылады. Кегенннен Нарынқолға  барып жұмыс істеп жүрген.  Нарынқолға  ата-анасын сағынып  келгенде   бауырының қолына бір тиітәй  жара шығып дәрігерге барады. Жараны көрген дәрігер оны тіліп, ішіндегі іріңді шығарып ем –домын  жасайды да таңып берген.   Бірақ қолындағы жара  солқылдап ауыра бастайды. Ауырғаны қоймай үш күн ұйқысы бұзылып, жанына  батады. Ақыры болмаған соң Сарыбастаудағы Әуезхан атаға барғанда  ол кісі дала жүріпті. Келген шаруаларын  айтқанда   үйіне кіргізіп, жараны көргенде  «бұл көз жара» деген. Су алғызып, құран оқып, дем салған.  Бір шыны су ішкізіп, қалған суды бөтелкеге құйып беріпті.  Оның жаны  жай тауып,  жолда ұйықтап, үйіне барғанда бірақ оянды. Бұдан кейін дәрігерге бармай  құтыдағы  суды үзбей ішіп, жарасынан құлан-таза жазылды.    Ол кісінің иманы  күшті еді» еді  деп жазған.  Осындай жазбаны     Жанна Әкімжаннан да оқыдық.  Жазба  кімге де болмасын ой салдырады. «Бір  жылы  бетіме аллергия шыға беретін болды. Қолданбаған  дәріханалық  майлар қалмады. Кешке қарай автобусқа  отырып, Сарыбастауға жеттім. Бірден  атаның үйіне бардым. Дертімді  айтып  едім, су алдырып, дем салып берді. «Су  азайса, жаңбыр  суымен еселеп қой»- деді. О, құдірет, сол су борсымай  екі ай іштім. Содан кейін  құлан-таза айықтым. Ілімі – мықты кісі екенін сол жолы көрдім- дейді.

Назира Қонақбаева: «Әуезхан  ата  үйге келіп, құран бағыштап кеткен. Көзіме ақ түскенде дем салып, жазып берген». Талғат Омаров: « Иә Әуезхан қария керемет жан еді. Ол кісінің әрбір сөзі әлі есімде. Бала кезімде Ойқарағайдағы жайлауға біздің үйге келетін. Тау шатқалдарының  ой- шұқырын, қуысына дейін жақсы білетін.  Қай жерде елік, қай жерде бұғының төлтейтініне дейін айтып отыратын. Керемет – емші, суға дем салғанын  талай көрдім.  1998 жылы әкем қайтыс  болып,  ағамның  шашы мен мұрты  түгел түсіп қалды.  Уайымнан ба,  әлде ауа райынан ба білмедік.  Әуезхан  атам  суға  дем салып беріп, сол дем салған суды ішкен соң  шаштары шыға бастады.  Ата жайлы айта берсе әңгіме көп.  Иманы жолдас болсын !» деп  еске  алған.

Гүлбақыт Оразымбетова  да  бала кезіндегі  бір жағдайды  есіне алады.   Моншадан шығып апамның үйіне  келдім.  Ыс тиген болуы керек деп  шамаладым өзімді. Біраздан соң  қалтырап- дірілдей бастадым  Апамның есі  шығып, ары өткен, бері өткен кісілерді  үйге шақырып  алды.  Бәрі жабылып,  қол-аяғымды уқалағанымен  жан кіретін  түрі болмады. Тастай болып  кетіп бара жаттым.  Сәлден кейін  тіпті бетім  де  жансыздана бастағандай болды.  « Өлді –деген осы шығар»  деп ойлап қоямын.Үлкендер Әуезхан қарияны  шақырайық- десті. – Қария не істер?- дейсіз.Дұрысы Ораз ағаны  шақырыңыздар- дедім.  Сөйтсем  қас қылғандай  дәл сол күні  дәрігерлер  мерекесі болып, бәрі көкке  шығып кетіпті. Амал жоқ атамызды шақыруға тура келді.

–Балам бас ауруы, жүрек ауруы  көп ойлағаннан  болады. Сен әлі жассын ғой,  көп ойлауға берілме- деді де суға  әлде  бірдеңкелерді  күбірлеп  оқыды да ішкізді. Манадан бері  сонша адам  жабылып, аяқ-қолымды  уқалап жылта алмағандардың еңбегі осыдан кейін лезде жылып  сала берді. «Үх» дедім ішімнен. Қарияның шипагерліне  сенімсіздік танытқаныма қатты ұялдым. Осыдан кейін  ол кісіге  деген  құрметім  ерекше болды.  Апам  жарықтық,  сәл ауырсақ  дем салдырып, су әкелетін. Тағы бірде жүрегім  суылдап, қорқатынды шығардым. Дем салған су маған шипа болды. Інім де түнде шошып  ояна  берген де  атамның  дем салған суын ішіп, жақсы болғаны бар. Айта берсе ол кісі туралы әңгіме жетерлік.

«Әуесхан ата  туралы жазылған естелікті оқи отырып, ол кісі туралы  менде  азғантай ойымды айтқым келеді. Атамыз болмысында  өте таза, ақ қағаздай жинақы, сергек жүретін. Өзі Ойқарай тауының күзетшісі еді. Ел жоқ болса да сонда болатын. Елсіз жерде қорықпайтын. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын. Табиғаттың тылсым, құдіретінде сезінген ерекше адам деп ойлаймын. Ол кісі бірде шәй ішіп отырып,  «балам адамға барлық күнә тілден келеді. Сен өзің артық сөйлемесең, осы қалпыңан тайма, біреуді еш уақытта қарғама, біреуге білмесең ем айтпа, біреудің сыртынан  сөз айтпа» деп өсиет айтпа деген. Бұл сөздерді  ол кезде  көп ешкімге айта бермейтін еді. Бұл құранның   сөздері  екенін мен  кейін білдім. Өз басым  ол кісінің айтқанын қаншалықты орындадым білмеймін. Бәрі бір пендеміз ғой. Сол кезде Әуезхан  ата маған бүкіл  елден  ерекше болып көрінетін еді, әлі де солай.  Мен  осы  атамның атын  неге осылай қойды екен деп көп ойлайтынмын. Сөйтсем бұл арабтардың  аты екен. Кітаптардан кездестіріп содан білдім»- деп жазыпты   Тауархан Сәрсебайқызы Шиғабтегі.

Бақытгүл Ибрайымова: «Менде Әуезхан  қария  туралы айта кетейін.Қолыма  аяқ астынан бір жара пайда болды.  Дәрігер Ораз аға барып едім, Нарынқолдағы хирургке жіберді. Қорқып  бармадым да  Әуесхан  атаның емшілігін естіп, тәуекел деп сол кісіге бардым. Арабша  жазылған кітабын алып, біраз оқыды. «Балам андағы жараға  бақа тартасын,-деді.  Қыс кезі. Бақа қайдан табылсын. Есіме үйдегі картошка сақтайтын жерден қазылған қоймада ( погребте) бақа  жүретін. Содан кішкентай екі бақаны тауып, кезек- кезек тарттық. Содан жараның ауызы ашылып, жазылып кетті. Ол кісі «егер жараның ауызы ашылмаса тышқан тартамыз» деген. Қарияның сол емінен құлан-таза жазылдым. Қасиетті, өте білімді адам екенін сонда таныдым. Аппақ, тап-таза киім киіп, мінген аты өзіне керемет жарасатын»- деп естелігінде. ( 29 ақпан 2024 жыл).

Мен де  Әуезхан қарияны сырттай танитынмын. Алайда ол кісінің емшілігі мен құран сүрелеріндегі аяттардың  құдіретін  көп білмеуші едім. Міне жазбадан  оқып,  ол кісінің кім екенін таныдым.

Жексен Алпартегі 

                                                                                           Алматы облысы.   

Алдыңғы жазбаАлматыда бағдаршамның сары түсіне өткен көліктерге «Сергек» арқылы айыппұл салына ма?
Келесі жазба«Орамал тағатын әдемі қызбын»