Жыл сайын Қазақстан қарулы күштері құрылған, Отан қорғаушылар күні 7 мамыр қарасаңында президент әскерилерге түрлі орден-медальдар тапсырып, марапаттап жатады. Жөн-ақ. Отан қорғаушылар қандай сыйлыққада лайық. Оған дау жоқ.
Айтқымыз келгені,басқа. Біз КСРО-ның шекпенінен шыққанмызбен қазір тәуелсіз мемлекетпіз. Сол бостан екеніміздің бір белгісі әскерилерге берілетін ордендерде соған сай болғаны жөн. Демек, кешегі елін-жерін қорғаған батырларымыздың есім-сойымен сол орден –медальдарды атау керек. Қашаңғы мағынасы шамалы «Даңқ», «Айбын» тб. деп атай береміз. Ары беріден соң ол –кешегі кеңес жүйесіндегі ордендерді қайталау. Мәселен І дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Айбын, ІІІ дәрежелі «Айбын» дегеннен не ұтамыз?
Мәселен кешегі күні Дарабоз атанып, үш жүздің қолын басқарған Қабанбайдың, сайып қыран батыр Бөгенбайдың, атақты Кенесарыханның, Махамбеттің, Бауыржан Момышұлының, Рақымжан Қошқарбаевтың, Талғат Бигелдиновтың аттарымен неге атамасқа. Осының өзі-ақ Қазақстанның тәуелсіз ел екенін айшықтап тұрмай ма? Ресей деп жатамыз, сол Ресейдің өзінде Кутузов, Суворов, Жуков тб орден-медальдары көп. Бізгеде өз батырларымызды дәріптеп, аттарын ордендерге қойып ұлықтайтын кез келді. Бұл бір жағынан орден-медальдарға аттары қойылған батырларымыздың кім болғанын ел біле жүреді, екіншіден елін-жерін қорғаған сол сайыпқырандарымызға деген құрмет болар еді.
Азаматхан Әміртай «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы