Home Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Республикасының президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Республикасының президентін құттықтады

41

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаға Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Мемлекеттеріміз арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынына, халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Алдыңғы жазба«Жусан» операциясы. Біз өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қорғайтын боламыз – Президент
Келесі жазба«Ливерпуль» Чемпиондар лигасы-2019 жеңімпазы атанды